Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды еліктеу сөздер
Сабақтың мақсаты: Негізгі және туынды еліктеу сөздер туралы түсінік беру.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға еліктеу сөз туралы түсінік бере отырып, өткен тақырыппен байланыстыра отырып білімділігін арттыру
Дамытушылық: Оқушылардың еліктеу сөздерді жете түсінуіне, сөздердің мағынасын аша білуге, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілдерін қалыптастыру, Абай сөзінің құдіретін жете түсіндіру
Тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс сөйлеуге, әдептілікке, еліне деген сүйіспеншілікке, алған білімдерін есте сақтай білуге дағдыландыру
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, логика дамыту.
Көрнекілігі: грамматикалық тірек – сызбалар, оқулық, дәптер, тақта, бор.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу:
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Отырыңдар.
Кезекшімен сөйлесу:
Сыныпта кім кезекші?
Бүгін сыныпта кім жоқ?
Оқушылар сабаққа дайын ба? Оқу құралдары тегіс бар ма?
Психологиялық дайындық:
ІІ. Үй жұмысын тексеру: Ережелерді түсініп оқу, жаттау, қайталау. 305 - 306 - жаттығулар.
Сұрақ жауап:
- Еліктеу сөз дегеніміз не?
- Мағынасына қарай еліктеу сөз қандай топтарға бөлінеді?
- Олардың бір - бірінен айырмашылығы қандай?
- Еліктеу сөздің басқа сөз таптарынан айырмашылығы қандай?
ІІІ. ЖАҢА САБАҚ:
Еліктеу сөздер тұлғасына қарай негізгі және туынды болып екіге бөлінеді
Еліктеу сөздер
- аң,- ең, - ың,- ң жұрнағы арқылы жасалған кейбір туынды еліктеу сөздердің түбірі қазіргі кезде жеке қолданылмайтын өлі түбірге айналып кеткен. Олардың түбірінен түбірлес басқа сөздермен салыстырып қарау арқылы болжауға болады. Мыс: бағж - аң (бақши), ежір - ең (ежірей), жарб - аң (жарби), тарп - аң (тарпи), адыр - аң (адырай, адырақ), шапш - аң (шапши).
Мысалы: Қорқып кетіп көзі бағжаң ете қалды. Қараңғыда алдынан жарбаң етіп жапалақ ұшты. Мұның алдын орауға тырысып, арттағылар шапшаң қимылдады.
Балалар, сендер білесіңдер кез келген сөз табы сияқты еліктеу сөздер құрамына қарай екі топқа бөлінеді, яғни дара және күрделі еліктеу сөз.
- Қане, балалар, кім айтады?
- Дара сөз дегеніміз қандай сөздер еді?
- Күрделі сөздер дегеніміз қандай сөздер еді?
Күрделі сөздер қандай жолмен жасалушы еді? (бірігу, косарлану, екі сөздің тіркесуі, қысқару арқылы жасалады).
Еліктеу сөздерден жұрнақ арқылы басқа сөз таптары да жасалады. Негізінен зат есім мен етістік жасалады.
Ал, балалар бұны математикалық амал ретінде қысқаша қылып жазайық:
1) Еліктеу сөз + (- ыл,- іл,- л,- ғыр,- гір) туынды зат есім
2) Еліктеу сөз + (- ыра, - іре, - да, - де ) туынды етістік
3) Еліктеу сөз + (- ыр,- ақ,- ек,- іш,- ық) туынды сын есім
Алған білімді тиянақтау.
Сонымен, балалар, біз енді алған білімімізді тиянақтап көрейік. Біз сыныпты 3 топқа бөліп алдық. Енді, барлығымыз кітаптағы 307 жаттығуға қарайық.
307 жаттығудан еліктеу сөздерді тауып келесі үлгіде талдаймыз Қай топ бірінші аяқтаса сол топқа 5 ұпай, екінші аяқтаған топқа 4 ұпай, үшінші аяқтаған топқа 3 ұпай қойылады.
Мысал Дара Күрделі Негізгі Туынды Еліктеуіш Бейнелеуіш
елпең + + +
Енді, келесі тапсырма 308 жаттығу.
1 топ 308 жаттығудан еліктеу сөздерді тауып оның құрамын анықтайды және осы жаттығудың 1, 2 - ші сөйлемдеріне морфологиялық талдау жасайды.
2 топ 308 жаттығудан еліктеу сөздерді тауып, оның мағыналық түрін анықтайды, және осы жаттығудың 3, 4 - ші сөйлемдеріне морфологиялық талдау жасайды.
3 топ 308 жаттығудан еліктеу сөздерді тауып, оның тұлғалық түрін анықтайды, және осы жаттығудың 5, 6 - шы сөйлемдеріне морфологиялық талдау жасайды.
309 жаттығумен жұмыс жасайық. Бұл жаттығуда Абай атамыздың өлең жолдары берілген. Осы өлең жолдарынан туынды еліктеу сөздерді тауып қай сөз табының қызметін анықтап тұрғанын анықтаймыз. Қай топ бірінші аяқтаса сол топқа 5 ұпай, екінші аяқтаған топқа 4 ұпай, үшінші аяқтаған топқа 3 ұпай қойылады.
311 жаттығумен жұмыс. Бұл жаттығуда негізгі еліктеуіш сөзді бір бағанаға, туынды еліктеуіш сөзді бір бағанаға жазамыз.. Қай топ бірінші аяқтаса сол топқа 5 ұпай, екінші аяқтаған топқа 4 ұпай, үшінші аяқтаған топқа 3 ұпай қойылады.
Үй тапсырмасы: Пысықтауға арналған тапсырмаларға дайындалу, 310 - 312 жаттығу.
Бағалау.
Қорытынды.
Алған білімдерін бекіту мақсатында тест жұмысы алынады.
1. Еліктеу сөзді табыңдар:
а) ағарады ә) гүр - гүр б) бүлдіреді в) илекте
2. Бейнелеуіш сөзді табыңдар:
а) тарс ә) жалт - жұлт б) сыңғыр в) арс - арс
3. Негізгі еліктеу сөзді табыңдар:
а) шұбартөс ә) қыңқ б) елпең в) күркіре
4. Туынды еліктеу сөзді табыңдар
а) күркіре ә) тарс б) ойна в) қыңқ
5. Туынды еліктеу сөз жасайтын жұрнақтарды табыңдар:
а)- ша, ше, - қы, - кі, - к ә)- аң, - ең, - ың, - ің, - ң
б)- ыс, - іс, - ым, - м в)- а, - е, - й, - ар, - ер, - р
6. Қажетті еліктеу сөзді тауып қойыңдар: Қарға …… етті
а) бұрқ ә) сарқ б) сарт в) қарқ
7. Негізгі еліктеу сөзді табыңдар:
а) селк ә) қисаң б) томпаң в) үлбіре
8. Еліктеу сөзді тіркесті көрсетіңдер
а) сылқ - сылқ күлді ә) емін - еркін отыр б) мыңға жуық в) әттең, естімедім - ау
9. Туынды еліктеу сөзді табыңдар:
а) тарс - тұрс ә) қисаң - қисаң б) былқ в) селк
10. Еліктеу сөзді табыңдар: Сол кезде алдынан бұрқ еткен шаң шықты.
а) сол кезде ә) бұрқ еткен б) алдынан в) шаң шықты
Балалар, біз бүгінгі сабақта алған білімімізді қазақ тілі сабағыңды кез келген уақытта қолдана білуіміз керек. Алған білімді есте сақтап әрқашанда тиянақтап отыруымыз керек. Сол себептен сабағымызды аяқтамас бұрын осы ойыма сәйкес сендерге есте сақтаудың 4 түрлі себебі туралы айтылған Абайдың келесі қара сөзін тыңдатпақпын.
Аудио Абайдың 31 қара сөзі