Айнұр таңырқап

Скачать

Тақырыбы: Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Мақсаты: Жас ұрпаққа дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру, салауатты өмір салты жөніндегі ұғымдарын кеңейту; Дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту. Тазалық гигиенасы туралы ережелерді қайталау. Оқушыларды дұрыс тамақтануға дене шынықтыруға, ас адамның арқауы екеніне көзін жеткізу, салауатты өмір сүруге шақыру, баулу, зиянды әрекеттермен күресе білуге баулу, дәрумендер жайында мәліметтер беру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, тамақтануға байланысты мақал - мәтелдер, тамақтану туралы сөздер, ережелері, плакаттар, қызықты тапсырмалар суреттер, бейнероликтер.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік әдіс
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
І. Кіріспе бөлім.
Мұғалім:
- Балалар, сендерге Данышпан атай хат арқылы жұмбақ жіберіпті. Егер сол жұмбақтың шешуін тапсаңдар, өмірдегі басты байлықтың не екенін түсінесіңдер және бүгінгі шарамыздың да сол жұмбақтың жауабымен тығыз байланысты.
Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі. (денсаулық)
- Денсаулық адамның ең қасиетті де, құнды қайталанбас, жоғалтса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас қазынасы. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы мен әл - ауқатына баса назар аударылып, ерекше аталып өтілгені біздің азаматтарымыздың ертеңі бүгіннен басталатынын көрсетсе керек. Адам ағзасына да зиянын да келтіретін тағам.
- Ендеше бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын кезеңдермен таныс болайық:
Сайыстың кезеңдері:
1. Таныстыру (дәрумендер өздерін таныстырады )
2. Кім шапшаң (сұрақ - жауап)
3. Тапқыр болсаң, талас жоқ (жарнама)
4. Тауып көр (Дастархан басында сақталатын ырым – тыйымдар)
5. Ойлан тап (денсаулыққа қатысты жұмбақтар шешу)
- Сайыстың кезеңдерімен таныс болсақ. Енді әділ қазыларымызбен таныс болайық
- Әр кезеңде толық дұрыс жауапқа 5 ұпай. Толық болмаған жауапқа 3 ұпай беріледі.
- Сайысымыздың бірінші кезеңінде әр топ өздерін таныстырады
1 топ: А дәрумені (2 А)
2 топ: В дәрмені (2 Б)
3 топ: С дәрумені (2 В)
4 топ: Д дәрумені 2 (Г)
5 топ: Е дәрумені (2Д)
6 топ: Р дәрумені (2е)

- Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық - денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет. Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет. Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де сақтауымыз қажет. Бүгінгі шарада осылар туралы толығырақ білетін боламыз.
ІІ кезең Кім шапшаң деп аталады. Бұл кезеңде әр бір топқа сұрақтар берілді. Сол сұраққа жауап бересіздер.
1 топ: А дәрумені
Дұрыс тамақтану дегеніміз не?

2 топ: В дәрумені
Тамақтанудың негізгі ережелерін ата?

3 топ: С дәрумені
Тамақтану ережесін бұзу қандай зардаптарға әкеп соғады?

4 топ: Д дәрумені
Пайдалы және пайдасыз тамақ дегенді қалай түсінесіздер?

5 топ: Е дәрумені
Адам күніне неше рет тамақтану керек?

6 топ: Р дәрумені
Зиянды тамақтарға нелер жатады?

Артық болмас, білгенің...
- Бірнеше жыл бұрын Чехияда, жоғары сынып оқушылары, қаттырған құлпынайы мен кілегейі бар балмұздақты жеп, эпидемия тіркелген болатын. Зертханалық сараптаманың нәтижесінде аталған кілегейдің орнында өзі емес, тұздалған А гепатиті болып шықты. Сондықтан да балмұздақ, газдалған сусындар, чипсы т б зиянды тағамдардан бойымызды аулақ ұстаған жөн!
ІІІ кезең Тапқыр болсаң, талас жоқ деп аталады. Бұл кезеңде әр бір топқа берілген тапсырмаға жарнама, қабырға газеттер қорғайды..
1 топқа: Дұрыс тамақтану ережелері
2 топқа: Адам ағзасындағы пайдалы тағамдар
3 топқа: Адам ағзасындағы зиянды тағамдар
4 топқа: Дәрумендердің пайдасы
5 топқа: Денсаулықтың достары
6 топқа: Көкөністер мен жемістер, түрлі тағамдар бұрышы;
- Әсіресе қазіргі уақытта оқушылар көп жейтін чипсылар, қытырлауықтар, жылдам дайындалатын сорпалар, (Роллтон), газдалған сусындар туралы айтпай кетуге болмайды.
Чипсы - адам ағзасына өте қауіпті. Оның құрамында адам денесіне әсері мол тітіркендіргіш заттар бар. Олар әр түрлі бас, кеуде, іш ауруларын тудыратын зиянды қоспалар бар.
Газдалған тәтті сусындар( кока - кола, пепси - кола, фанта, спрайт, буратино, макси - чай)
Сондықтанда денсаулыққа пайдалы, табиғи, химиялық қоспасыз таза тағамдарды пайдаланайық. Ендеше, келесі бейнероликке назар аударайық.
Мұғалім:
- Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады.

IV кезең Дастархан басында сақталатын ырым - тыйымдар . Әрбір топ тыйым сөздердің мағынасын айту
• Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.
• Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма.
• Ас үстінен аттама
Астан үлкен емессің
• Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.
• Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды
• Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды
• Ас ішіп болған соң тойдым деуге болмайды, қанағат деу керек
• Ертеңгі асты тастама
Кешкі асқа қарама.
Балаға ми жеуге болмайды.
Ми жемейді жас бала,
Миды ұсын басқаға,
Былжыр болып өсеміз,
Ынжық болу масқара.
• Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. Себебі сынық ыдыспен ас беру – қонақты сыйлағандық. Және сынық ыдыспен ас ішу – жаман ырым. Бүл жүзің сынып, көңілің жарым болсын дегенді білдіреді.
• Дастарханнан аттауға болмайды.
• Өле жегенше,
Ағайынмен бөле же.
• Ас ішу кезінде ізет, сыйласым, инабаттылық рәсімдері сақталу керек.
- Халық қуанышты да, қайғыны да дастархан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастархан басында шешілген.

 Тәтті алма мәтінін тыңдау.
М. Әбдірашева
Айнұр бақты аралап келе жатқан. Бір кезде алдына топ етіп алма түсті. Өзі қып - қызыл, үп - үлкен, Айнұр қуанып кетті. Қызығып қолына алды.
Дереу жемек боп аузына апара бергенде алма оған:- Айнұр, сен алдымен мені жу,- деді қолынан сусып түсіп.- Неге?- деді Айнұр таңырқап.- Жумай жесең, ішің ауырады,- деді алма сілкініп қалып.- Міне, көрмейсің бе, үсті - басым шаң тозаң.
Айнұр ұялып қалды. Апасы да ылғи: Қолыңды жу ,- дейтін. Енді соны өзіне мына алма да айтып тұр. Айнұр ақылды алманың айтқанын істеді.
• Сендерде осындай жағдай болды ма?
• Тазалықтың денсаулыққа қандай әсері бар?

V кезең Ойлан тап деп аталады. Бұл кезеңде жұмбақтардың шешімін табу керек. Іске сәт!
Жұмбақтар шешу.
1. Одан кір қорқады
Судан бұл қорқады. (сабын)
2. Дәмі де жоқ, түсі де жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ. (су)
3. Жуынып болғанда
Жүреді қолында. (орамал)
4. Түйістіреді көзіңді көзіңе
Жолықтырады өзіңді өзіңе. (айна)
5. Қалтамда жатыр
Тістері бар батыр. (тарақ)
6. Бәтеңкесін, пальтосын
Өзі кие білмейді
Бұл баланы кім дейді? (жалқау)
7. Көзінен жас кетпейді
Балалардан шеттейді
Бұл баланы кім дейді? (жылауық)
8. Шықпай жатып көшеге
Үсті басы кірлейді
Бұл баланы кім дейді? (салақ)

Дұрыс тамақтану ережелері:
• тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады.
• тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне бес рет қабылдаған жөн.
• тамақтанған соң дереу шай ішуге болмайды. Себебі шайдың құрамында темірді ыдырататын заттар болады. Шайдың орына шырын ішкен жөн.
• таңертеңгі асты мұқият қабылдау. Егер организм 10 - 12 сағат тамақ қабылдамаса, онда организмдегі қант азайып кетеді. Ертеңгі асты ішпесе, түсте артығымен қабылдайсыз, нәтижесінде асқазанға ауыртпалық түсіресіз.

Сайысты қорытындылау
- Дана халқымыз басты жеті байлықтың ең алғашқысы Бірінші байлық – денсаулық деп білген.
Денсаулықты сақтау үшін қажетті нәрселер: қоршаған ортаны таза ұстау, белсенді қозғалыста болу, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, рухын таза сақтау, адам өз денсаулығына ұқыптылықпен қарау.
Бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын анықтау үшін сөз кезегін әділ бағасын беретін әділқазыларға береміз.
- Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, үшеуімен бақытты болады өмір - деген нақыл сөз бар. Сол айтқандай, дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, дұрыс тамақтанып, салауатты өмір ұстанған ұрпақ бөліп өсіңдер. Назарларыңызға рақмет!


Скачать


zharar.kz