Әскердегі сарбаздар

Скачать

Уақытша тіркеуден босатылатын азаматтардың санаты белгілі болды. Бұл туралы ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев Facebook - тегі парақшасында жазды деп хабарлайды

Уақытша тіркеуде болмағаны үшін кімдерге айыппұл салынбайды?
Сәдубаевтың айтуынша, жаңадан салынған үйлердің құжаты дайын емес, сондықтан тұрғындарды уақытша тіркеуге қою кезінде мәселе туындаған.

Осы жағдайға байланысты Жоғары сот, Бас прокуратура, Әділет министрлігі арнайы шешім қабылдапты.

Жаңадан салынған үйлерде тұрып жатқандарды жауапкершілікке тарту дұрыс емес. Осы шешімге сәйкес, облыстардағы көші - қон полициясы бөлімшелеріне тиісті түсініктемелер берілді. Бұған қоса, үкімет қаулысының жобасына толықтыру енгізілді , - деп жазды Сәдубаев.

Үкімет қаулысы уақытша тіркеуге тұруға міндеттелмейтін азаматтардың санатын қарастырады. Олар:

1. 16 жасқа толмаған балалар;
2. Науқас азаматтар және емделіп жатқандар;
3. Вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер;
4. Әскердегі сарбаздар.


Скачать


zharar.kz