Геометриялық пішіндер, түстер туралы түсінік

Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Жасы: 2 - 3 Бірінші кіші Балдаурен тобы
Тақырыбы: Түлкіде қонақта
Білім беру саласы: Таным , Шығармашылық

Кіші сала: Сенсорика, Мүсіндеу
Мақсаты: Балаларды әртүрлі түстер бойынша заттарды топтастыруға әртүрлі пішіннен заттарды құрастыруға, тұздық қамырды алақан арасында домалақтау, жалпақтау дағдыларын қалыптастыру, балалардың қызығушылығын арттыру, тапсырмаларды соңына дейін аяқтау тәрбиелеу.
Алдын – ала жұмыс және оқу іс - әрекетіне дайындық: пішіндерді, түстерді ажырату және жұмбақты шешу.
Сөздік жұмыс: ілгіш, моншақ, печенье

Дидактикалық құралдар: Пішіндер, түстер, ілгіштер, ормалдар
Блингвистикалық компонеті: түлкі - лиса, моншақ - бусы, қысқыш - пришепка, орамал - платочек.

І – кезең Мотвациялық қозғаушы
Түлкі есік қағып топқа кіреді.

Түлкі балалармен амандасады.
Түлкі орманға өз үйіне баруға ұсынады.
Балалар:
Балалар есік қаққанға қызығушылық танытады.
Балалар түлкімен амандасады.
Орманға баруға келіседі.
ІІ - кезең
Проблемалық ізденушілік
Балаларға түлкі моншағын жинауға шақырады.
Балалар мен моншағымды судың ішіне шашып алдым, сол моншақтарды осы сүзгіш арқылы жинауға көмектесіңдерші.
Балалар:
Әрине көмектесеміз.
Балалар моншақты жинауға белсене кіріседі.
Моншақты балалар судан сүзіп алып, түс – түстеріне орамалға суын сүртіп, сол орамалды қысқыштың түсіне сай іледі.
Моншақты Түлкіге сыйлайды.
Тәрбиеші:
Балаларға геометриялық пішіндерді ұнтақтан қолымен іздеп тауып алуға ұсынамын.
Балалар:
Балалар ұнақтың (манное каша) ішінен геометриялық пішіндерді қолдарымен іздеп тауып алып, тауып алған пішіндердің пішінін, түсін атап үйшікті, құрастырады.

Тәрбиеші:
Сергіту сәтін ұсынады.
Сергіту сәті:

Балалар:
Балалар көтеріңкі көңіл – күймен сергіту сәтін жасайды.
Аяғымыз топ - топ
Ал қолменен хлоп, хлоп, хлоп
Бір оңға, бір солға
Айналайық кел мұнда
Секіремін жоғары
Қиын емес секіру
Бір оңға, бір солға
Айналайық кел мұнда
Тәрбиеші:
Печенье жасауға шақырады.
Тұздық қамырды илейміз, алақанға салып, домалақтаймыз, жалпақтаймыз, оқтауды алып жаямызда, әртүрлі пішіндермен кесеміз.
Балалар:
Балалар печенье жасауға кіріседі.
Балалар тұздық қамырды алады, илейді, алақанға салады, домалақтайды, жалпақтайды, оқтауды алып жаяды және әртүрлі пішіндермен кеседі.
Істеген печеньелерін Түлкіге апарып береді

ІІІ - кезең
Рефлекстік түзетуші
Тәрбиеші:
Балалар бүгін біз нелер жасап бердік
Балалар:
Печенье, моншақ, үйшік, орамалдарды ілгішке ілдік.
Мадақтау. (смайлкпен сорғыш кәмпит бердім)

Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: Әр түрлі пішіндерден заттар құрастыруды.
Түсінеді: Геометриялық пішіндер, түстер туралы түсінік.
Қолданады: Пішіндерді ажырата алуды, түстерді атап топтастыруды.


Скачать


zharar.kz