Бесіктегі баланың бек боларын кім білер

Скачать

Бесіктегі баланың
Күлгенін көрген бір мұрат.
Алдынан түсіп ананың
Жүргенін көрген бір мұрат.

Бесіктен түскен бөпеге
Есікке дейін ен дүние.

Бесік баласы
Бес түлейді.

Жаман деп бесікке күлме,
Тар деп бар есікке күлме.
Бесік — ұшар ұяң,
Есік — алтын шыған.

Бесік көрмеген ессіз болып есікке енеді.

Есік арқалағаннан, бесік арқалаған артық.

Ер бесіктен танылады.

Ауылым - алтын бесігім.

Өз елің - алтын бесік.

Бесіктегі баланың бек боларын кім білер?

Төріңде бесік тұрса, төре де бас иеді.


Скачать


zharar.kz