Орал қаласы, №35 "Шұғыла"бөбекжайы
Ағылшын тілі мұғалімі
Джармагамбетова Гульбану Темирхановна
Ересек топтарына арналған ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас , Таным , Әлеуметтік орта
Бөлімі: ағылшын тілі
Тақырыбы: We are happy
Мақсаты: Балалардың ұлттық дүниетанымдық ұғымын кеңейту, сөздік қорларын молайту, тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді үш тілде айтып үйрету, тілді білуге қызығушылығын арттыру. Балалардың сөздік қорын байыту, өткен тақырыптарды қайталап, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру.
Балалардың сөздік қорын байыту, өткен сөздерді қайталау, жаңа сөздермен таныстыру, білімдерін жетілдіру, тіл байлығын арттыру.
Білім берушілік міндеті: балаларға өткен тақырыптарды естеріне түсіру.
Дамытушылық міндеті: We are happy тақырыбы бойынша балалардың сөздік қорын кеңейту және белсендендіру, ұжыммен жұмыстануға дағдыландыру.
Тәрбиелік міндеті: Балаларды достық қарым - қатынасын тәрбиелеу, достыққа тәрбиелеу.
Алдын ала жұмыс:
- өткен тақырыптарды қайталау. Бейне роликтер қарау.
- өлеңдерді жаттау, көркем шығармаларды оқу.
Сөздік жұмыс: Hello!- Cәлеметсіз бе!
Numbers - сандар
Shapes - фигуралар
Animals - жануарлар