Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Қайдан келдің бауырсақ? Ө. Түрманжанов. Мақсаты: Білімділік: Балалардың нан туралы білімдерін тереңдету. Көркем әдебиет арқылы бауырсақтың дастарханға қандай еңбекпен келген жолдарымен таныстыру.
Дамытушы: Балаларға ертегінің мазмұнын түсіндіру барысында сөздік қорларын жаңа сөздермен молайту, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Диалогтық сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелік: Нанды қастерлеу екендігін түсіндіре отырып, үлкендердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сөздік жұмысы: егін, қырман, диірмен, комбайн, наубай, диқан, наубайхана, қауыз, жер - ана.
Көрнекіліктері: егін, бидай, комбайн, элеватор, суреттері, нан түрлері, бауырсақ, слайд, бидай сабақтары.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, кейіпкендіру, көрініс тамашалау.