Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін ерте бастан қалыптастыру

Скачать

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Қазір елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жазылған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыру талап етеді.
Ұлы неміс педагогы А. Дистервергтің әйгілі: Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық атты еңбегінде: Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді - деген. Ал ойлауға үйрететін сабақты дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Бұл сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым - қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс - әрекетті ұйымдастыратын, оқушының шығармашылығын арттырады.
Қабілеттілік дегеніміз даудың нәтижесі болғандықтан, оның туа бітуі немесе генетикалық құбылыс болуы да мүмкін емес. Қабілеттіліктің дамуына негіз болатын туа біткен факторларға дарындылықты жатқызамыз. Табиғи қасиеттер (дарын) мен қабілеттіліктің айырмашылығы сол, табиғи алғы шарттарға әлі де сапа жағынан анықталмаған, мазмұны бекімеген күйде болады. Дарын әр түрлі нәрсе. Соның негізінде қабілеттілік дамиды, бірақ оның қалыптасып, күш алуы үшін іс - әрекет керек. Оқушы қабілеті дегеніміз, оның педагогикалық ықпал аясындағы білім алу әрекеті. Жеке тұлғаны дамыту, оқыту әдістері оның шығармашылық қабілетінің оң немесе кері дамуына әсер етеді.
Шығармашылық қабілетті дамыту тұлғалық - дамытушылық оқытудың мақсаты. Тұлғалық - дамытушылық оқыту теориясы бойынша білім алу жеке тұлғаның дамуымен ұштасып жатуы тиіс. Кез - келген оқыту дамыта алады, бірақ оның мазмұны мен әдістері дұрыс бағытталмағандықтан, нәтижесінде дамитын сапалар тар шеңберде қалады.
Дамыта оқыту Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов жасаған 3 негізгі құраушыдан тұрады.
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешу жолын біржола қарастыруы.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеуі.
Сабақ жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін, қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артады.
Бастауыш мектеп мұғалімі оқу мен тәрбиенің түрлі әдіс - тәсілдерін іздестіріп, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдаланудың жолдарын қарастырады.
1. Модификациялық инновация - қолда бардың түрін өзгертіп, дамыту.
2. Комбинаторлық инновация - белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру.
3. Радикалдық инновация мемлекеттік стандарты қалыптастыру.
Қазіргі технологияны қолдану - оқушылар ой - өрісінің еркін дамуына, жан - жақты білім алуына шығармашылық жағдай жасау мақсатында сабақты түрлендіріп өткізу, сондықтан технологияның 4 түрлі тәсілдерін кеңінен қолдану, ізденістің бір түрі болып табылады.
1. Репродуктивтік(бәріне бірдей берілетін тапсырма)
2. Алгоритмдік(ойландыру)
3. Шығармашылық(іздену, шығармашылыққа ұмтылу)
4. Эвристикалық(іздену, қосымша әдебиеттер пайдалану)

Шығармашылық тапсырмаларды шешуші шарттар.
1. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін ерте бастан қалыптастыру.
2. Баланың, жүйелі тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық әрекеттер жағдайында болуы.
3. Шығармашылық жұмыстар баланың ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жетуі керек.
4. Баланың шығармашылық жұмыспен айналасына қызығушылығы еркін болуы керек.

Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттері жайлы теорияларды, тұжырымдамаларды талдай, қайта өңдеу, жаңа жағдайларды пайдалану нәтижесінде төмендегідей қорытындыға келуге болады:

1. Шығармашылық - өмірді, қоршаған дүниені, өзіңді тани болғандықтан, ол сабақтан, сыныптан тыс уақыттарға жылжытылмай, әр сабақта, таңдаулы пәндерде өтілетіндей оқу бағдарламаларының, оқулықтардың, әдебиеттердің мазмұнында болуы шарт.

2. Орта жасына келгенде баланың үлгі - қалыпқа үйреніп, тоқырауын болдырмас үшін, шығармашылық қабілеттерді дамыту ісін неғұрлым ерте қолға алып, әр оқушының қол жеткен нәтижелері мен даму дәрежесіне үнемі қарайлай отырып, оған талапты өсіре беру қажет.
Оқушылардың шығармашылығынан, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстар, жарыстар, апталықтардың маңызы зор. Оқыту сабақтарының шығармашылық қабілеттерінің дамуына, адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді.


Скачать


zharar.kz