Аңдатпа
Жоба “Айдар” шаш қоюдың мағынасын, оның қою себебін баяндауға арналған. Ежелден келе жатқан ескі дәстүрдің көне сыры зерттеледі. Оған қоса балаларға ерсі болып көрінетін “айдар шаштың” қазіргі заманғы сәндік белсенділікке ие болуының мәнін ашу, балаларға жеткізу. Балаға шаш қою - сән емес, қазақтың ырымы екенін жеткізу.
Зерттеу мақсаты: шаш қоюдың мағынасын, оның қою себебін анықтау.
Міндеттері.
1. “айдар” шаш туралы мәлімет жинастыру
2. Шашты қою себебін анықтап, дұрыс пайдаланудың жолын қарастыру
Гипотеза: Осы деректер арқылы “айдар шаштың” не екенін және оны қандай мақсатпен қойылатынын танып білсек, онда қазіргі жас жеткіншекте ата - бабамыздан қалған асыл мұра салт - дәстүріміз туралы дұрыс түсінік қалыптасса, игі іс болар еді.
Зерттеу кезеңдері мен шаралары:
- ғылыми әдебиеттермен танысу кітап, энциклопедия, анықтамалар
* Балалар мен олардың ата - аналарымен сұхбаттасу
Зерттеу әдістері:
Мектептегі айдар шаш қойған балалар санын анықтау, олармен, ата - аналарымен сұхбаттасу, сол балалардың сыныптастарынан сауалнама алу
Зерттеу жаңалығы мен өздігінен істеу дәрежесі:
кітапханадан кітап, энциклопедия, анықтамалармен мәліметтер жинадым
Жұмыс нәтижелері мен қорытындысы: зерттеу жұмысының алға қойған мақсатының орындалуы, гипотезаның дәлелденуі
3. Нәтижелердің тәжірибеде қолдану аясы кішкентай кітапша жасап шығардым
Кіріспе
Менің бұл тақырыпты таңдау себебім: алғаш мектеп табалдырығын аттаған кезде артқы шашы ұзын ұл балаларды көрдім. Қатты таңқалдым, неге шаштарын осылай өсірген деп ойладым. Мектепке ертіп әкелген әжемнен сұрап едім, оны айдар шаш деп атайды деді.
Ата - бабамыздың салт - дәстүрімен танысуды жөн көрдім. Қазақ халқы бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән берген. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Халқымыздың әдет - ғұрпы мен дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру - әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Сәби дүние есігін ашқаннан бастап өскенше балаға байланысты салт - дәстүрлер өте көп екен. Сондықтан да мен осы Айдар шаш туралы зерттегім келді.
Тақырыптың өзектілігі ұлтымыздың кейбір салт - дәстүрлеріміз жаңарып, тіпті сәнге айналып, бүгінгі күннің өзіндік бір ерекшелігі болып жүргендері де аз емес. Халқымыздың сондай ұмытылмай келе жатқан дәстүрлі мәдениетінің бір парасы - балаға шаш қоюды кейінгі ұрпаққа насихаттау. Айдар шаш - бүгінгі кезең үшін жаңа көрініс. Ал қазіргі заман осындай жаңашыл элементтерді ұнататын және соған құштар заман.
Айдар шаштың қазіргі заманғы сәндік белсенділікке ие болуының мәнімен таныстыру. Осындай айдар шаш қоюдың мағынасы да, ежелден келе жатқан бұл ескі дәстүрдің көне сырын ашу
Біздің данагөй ата - бабаларымыз, мейірімді ақ әжелеріміз ежелден - ақ: Шаштың киесі бар , – деп айтып кеткен. Қазақта айдарлы бала - айбарлы бала деген сөз бар. Айдар шаш ер баланы тіл мен көзден сақтайтын көрінеді. Сондықтан да ата - ана баласы бір жасқа толғанда, оның қарын шашын алып, төбесіне бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны өсіріп, көзді маржан, қаратас тағып, өріп қоятын болған.
Негізгі бөлім.
2. 1 Тарихи деректерге сүйенсек
Атадан балаға мирас болып келе жатқан салт - дәстүрлеріміздің қайсыбірі болмасын, өзіндік қасиеттерімен ерекше. Адамға берер тағылым - тәрбиесі мол. Әлем халықтарының ішінде балаға шаш қоюдың өзіндік дәстүрлері тек қана біздің қазақта емес, шығыс халықтарының көпшілігінің тұрмысында әлі күнге дейін жалғасып келе жатқанын айта кеткім келеді.. Мысалы Таиланд халқы аурушаң балаға тұлым не айдар қойса, сауығып кетеді деп сенген. Сондай - ақ өте сүйкімді балаларды жын - пері айналдырғыш келеді деп, жын періні үркітетін тек қана тұлым шаш деп есептеген. Ал осыған ұқсас мағынада көбінесе сыртқы тылсым күштерден қорғайды деген сеніммен баланың шашын түрлі пішінде өсіретін елдердің қатарында қытайлар, кәрістер, мысырлықтарды атауға болады.
Әйтеуір, көптеген халықтардың шашты баланың бірден - бір қорғаушысы әрі қорғаныс қабілетін арттыратын ерекше тылсым күшке ие деп есептейтіндігі шындық.
2. 2 Шаш қою түрлері
Шаш қоюдың үш түрі де бүгінгі таңда қайта жаңғырып, айдарлы ұлдарды, тұлымшақты қыз балаларды, кекілді сәбилерді жиі көретін болдық. Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ аралас өріп қояды екен. Мұны айдар дейді. Бұл шаш қоюдың бір түрі. Бұрын ел ғұрыпты көп қолданған. Айдар - төбесінің орайындағы тумысынан алынбаған бір шоқ қарын шашы арнайы қалдырылады. Айдар - айбардың және күш - қуаттың белгісі. Құлдың, күңнің балаларына айдар қойғызбаған. Бұл дәстүрдің де өзіндік мәні бар. Төбесінде айдары бар балаларға үлкен кісілер ерекше назар аударып, ондай бөгенайы бар перзенттерге сүйіспеншілікпен қарай, көрген жерде қастарына шақырып аты - жөнін сұрап, ықылас - баталарын беріп отырады. Жасының ұзақ, денінің сау болуын тілейді. Сонымен, айдарды балаларға осы балам ел - жұрттың қолдап - қорғауына, үміт - тілегіне ие болса екен деген жақсы ниетпен ырымдап қояды. Айдар қою түркі, мажарстан қыпшақтары, моңғол, қытай, маньчжур, қалмақ, украин және т. б. халықтарға да тән салт.
Тақырыбы: Айдар шаш
Авторы: Тұрарбек Әнел Мейрамбекқызы - 2 Ә сынып оқушысы
№ 11 жалпы орта білім беретін мектеп - коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетекшісі: Жусупбаева Жупар Рамазановна, бастауыш сынып мұғалімі
№ 11 жалпы орта білім беретін мектеп - коммуналдық мемлекеттік мекемес