Дене тәрбиесі - компьютермен жұмыс жасау ережелерін сақтауда көз, дене жаттығуларын өткізгенде

Скачать

Түсінік хат
Қазіргі уақытта мектеп оқушыларын еңбекке, мамандық баулу бағыттарында дайындауда информатиканың рөлі ерекше. Ақпараттық қоғам жағдайында қызмет ету салаларының барлық түрлерін ақпараттандыру процесі басталады. Олай болса, әрбір мамандық иесін осы сала төңірегінде технологиялық дайындықтан өткізу қажеттілігі туындады. Сондықтан мектеп жасынан бастап оқушылардың ақпараттық - технологиялық ақпараттар құрылып, оған сәйкес информатиканы оқыту процесі енгізілді. Орта білім беру жүйесіндегі информатиканың рөлі әлемнің жүйелі ақпараттық бейнесін, адам мен ақпараттың ортаның тиімді өзара қарым - қатынасын қалыптастырудағы ақпараттық білімнің мәнімен, қазіргі заманғы ақпараттық қоғамдағы кәсіби қызметінің негізгі құраушысы ретіндегі ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырумен анықталады. Ақпараттық қоғамдағы оқушылардың дайындық деңгейін анықту үшін информатмкадан мемлекеттік жалпыға міндетті (6 - сыныптар үшін) стандартты әзірленді, оған сәйкес Информатика пәні 5 - сыныптан бастап оқытылады. Оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың оқу процесінде компьютерлік технология арқылы өз бетінше тиімді білім алу және өзін - өзі анықтау үшін мүмкіндік туғызу болып табылады. Оқыту мазмұны информатмканның дүнмиетанымдық және пайдаланушылық аспектілерін қалыптастыруға бағытталған. Мұндай мазмұн Мемлекеттік ақпараттандыру бағдарламасының мақсаты мен міндеттерінен туындайды. Ол компьютерді оқу құралы ретінде оқушылардың оқу - танымдық қызметіне тұрақты пайдалануын көздейді. Информатиканы оқу оқушылардың компьютер туралы жалпы түсініктерін қалыптастырады. Ақпараттық технология әдістерімен қарулануға себебін тигізеді. Курс аптасына 1 сағаттан жалпы көлемі 34 сағатқа есептелген.

Мақсаты:
Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосу, оның терезесінің стандартты элементтерімен жұмыс жасау ережесімен тереңдете беру, жаңа құжат құру, бұрын сақталып құжатты ашу, құжатты сақтау әрекеттінің үйренуі, білу. Компьютермен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту
Міндеттері:
- Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қоса отырып, терезе элементтерімен танысу
- Буфер алмасуы құралдарын пайдалану
- Кесте кірістіру және оларды форматтау
- Графикалық обьектілерін енгізу және оларды форматтау
- Дыбыстық обьектілерін өңдеу
- Баспаға шығару
Пәнаралық байланыс
Информатиканы оқыту барысында келесі пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:
Математика:
- математика сабағында компьютерді оқыту құралы ретінде пайдалану арқылы оқушылардың өзіндік танымдық іс - әрекетін қалыптастыруда;
- математикадан алған білімдерін графикалық ақпараттар ретінде компьютерде өңдеуде;
Қазақ тілі:
- ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру бағытында кез келген мәтінді редакторлеуде;
- сауатты жазудың техникасын негізге ала отырып, мәтіндерді жазу мен оны редакторлеуде.
Әдебиет:
- ақпараттарды кодтауда алфавиттердің орналасу ретін пайдалану;
- мақал - мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтарды жазу үлгілерін компьютерде сауатты түрде теруде;

Жаратылыстану
- табиғат құбылыстарын информатикадан практикалық тапсырмалар ретінде қолдануда;
- ақпараттың қоршаған ортада символдарды бейнелеу мәнімен байланыстыруда;
- графиктік редактордың құралдарын қолдану арқылы табиғат құбылыстарын бейнелеуде.
Музыка өнері
- музыкадан алған білімдерін дыбыстық ақпараттарды өңдеуде қолдануда;
- музыкалық ақпараттарды музыкалық редактор арқылы өңдеуде;
- ноталарды жазудың алгоритмін құрастыруда.
Технология
- қазақтың ою - өрнектерін графиктік редактордың құралдарын пайдалану арқылы компьютерге бейнелеуде;
- құрамақтардың бейнесін салуда графиктік редактордың мүмкіндіктерін қолдануда;
- түрлі заттар мен бұйымдардың моделін жасақтауда графикалық модельдеуді қолдануда;
Дене тәрбиесі
- компьютермен жұмыс жасау ережелерін сақтауда көз, дене жаттығуларын өткізгенде;
- сергіту сәттерін өткізгенде.
Күтілетін нәтиже: курсты оқу барысында оқушы алған білігі мен дағдысын болашақта графикалық кескіндерді құрастыруда, жарнамалық өнімдерді дайындауға, әртүрлі білім саласында альбом, реферат, ғылыми жоба дайындауға қолдана алады. Оқушы Интернет ресурстарынан тиісті сурет, картиналарды алып, оны өз қажеттеріне пайдалана және өз өнімдерін MS Word - құжаттарында орналастыра алады. Информатика таңдаулы курсын оқу барысында алған білігі мен дағдысы оқушының болашақта күрделі кәсіптік бағдарламалармен жұмыс жасау шерлігінің негізін қалайды.


Скачать


zharar.kz