Сабақтың тақырыбы: Ғажайып сәуле.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға әңгімедегі жазушының айтайын деген ойын ашу, көрінбейтін адам, нейтрон, атом туралы мағлұматтар беру.
2. Оқушыларды шығармадағы деректерді салыстыра отырып талдауға дағдыландыру, қауымдасып жұмыс істеуге, өз ойларын, пікірін ортаға салуға, ұрлық істемеуге тәрбиелеу т. б.
3. Оқушылардың ой - өрісін арттырып, сөздік қорларын байытып, тіл байлығын кеңейтіп, шығармашылық қиялын дамыту.
Сабақтың типі: Білім мен іскерлікті игеру.
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ой қозғау, сұрақ - жауап, сызба, кестемен жұмыс, салыстыру.
Сабақтың формасы: топпен, жалпы оқушылармен.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар; (Автор суреті, кітаптары, көрінбейтін адам, атом, нейтрон, сызба, кесте)
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Өлеңді жаттау. Дәптерлерін тексеру.
Схемамен жұмыс.
- Сонымен адамдар табиғаттағы жан - жануарларға, табиғат құбылыстарына қарап көптеген өнерлерді үйреніп, көптеген заттарды жасап шығарған.
Оқушы жұмыстарын тексеріп, үй жұмысын қорытындылау.
3. Негізгі бөлім.
Медеу Сәрсеке жайлы мағлұмат беру. Суретімен таныстыру
1936 жылы 2 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келді.
Қазақ жазушылар одағының мүшесі, жазушы;
1955 жылы Қазақ политехникалық институтының металлургия факультеті 1958 - 1965 жылы Лениншіл жас , Жас алаш , М. Сәрсеке Социалистік Қазақстан Жетінші толқын , Көрінбестің көлеңкесі , От пен атом т. б. кітаптары бар.
Құрмет ордені, Еңбектегі ерлігі үшін медалі, 1965 жылы әдеби жұмысқа біржола ауысты
1959 жылы ең алғаш ғылыми фантастикалық повесі жарық көрді. Ғажайып сәуле
Биыл 75 жыл толады
Ғажайып сәуле мәтінімен таныстыру.
Оқушыларды топқа бөлу.
Екі топқа мәтінді бөліп оқыту, топтарында талдату.
Топтан оқушы шығып түсінік айтады.
Дәптермен жұмыс:
Әңгімеге сүйеніп, көрінбейтін адамның бойындағы ерекше қасиеттерін дәптерге толықтырып жазу.
Қандай?
……………..
Көрінбейтін адам ……………..
……………..
……………..
Слайд арқылы түсіндіріп, Герберт Уельс, Джеймс Чедвик туралы мағлұматтар беру.
Герберт Уелс 1866 - 1946 жылдары өмір сүрген. Лондон қаласында дүниеге келген. 14 жасынан жазушылықпен айналысқан. Уақыт машина , Война миров , Уақыт машинасы т. б. романдары бар.
Джеймс Чедвик 1891 - 1974 жылдары өмір сүрген. Болингтон қаласында дүниеге келген.(Англия) 1908 жылы Манчестер Университетінде физмат факультетін бітірді. 1935 жылы Нобель сыйлығының иегері, нейтронды ашқан ғалым.
Слайдтармен түсіндіру.
4. Мәтін бойынша талдау.
Сызба арқылы салыстыра отырып жүргізу.
Көрінбейтін адам мен нейтрон сәулесінің ерекшеліктерін жазу.
Сызбамен жұмыс:
Көрінбейтін адам Нейтрон
Герберт Уелс Джеймс Чедвик
Адам көзге көрінбейді Сәуле
Геометриялық дененің барлық қасиетіне ие Көзге көрінбейді
Көрінбесе де әртүрлі әрекеттер жасай алады Бітеу ыдыста сақтай алмайды
Жазушы қиялы Элементтің заряды жоқ, кез келген денені тесіп өтеді
5. Ой қозғау.
1. Әңгімедегі Нейтрон сәулесі адам өміріне қауіпті деп ойлайсыңдар ма?
2. Атом бомбасынан зардап шеккен қандай елді білесіңдер?
3. Біздің еліміздің қай өңірінде атом сынақтары жүргізілді?
4. Атом электр станциялары туралы естігендерің бар ма?
5. Жапониядағы Фукусима - 1 атом электр станциясындағы жарылыс жайлы не білесің? Оның табиғатқа, адамзат тіршілігіне қандай әсері бар?
6. Қорытынды бөлім:
1. Көрінбейтін адам жайлы не білдіңдер?
2. Киносын көргендерің бар ма?
3. Жазушы оның қандай қасиетін ерекше әңгімелейді?
4. Егер өзің көрінбейтін адамға айналып кетсең не істер
едің?
7. Үйге тапсырма: Егер мен көрінбейтін адамға айналсам……. деген тақырыпқа қиял - ғажайып әңгіме жазу. Оқу, түсінік айту.