Сабақтың аты: §6 Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютердің буыны.
Сілтеме: Жоспар, информатика оқулығы, 6 - сынып
Жалпы мақсаты:
1. Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютердің буыны тақырыбының мазмұнын ашуда бірлескен оқу әрекеттерін орындай отырып, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
• Топтық жұмыстар орындай отырып, ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.
• Есептеу техникасының даму тарихын және компьютердің буындарын танып түсінетін болады.
• Оқушылардың тапсырмаларды тиімді орындауы жүзеге асыралатын болады
• Оқушылардың топқа және өз – өзіне шынайы пікірі қалыптасып, баға бере алатын болады.
Негізгі идеялар: Тақырыптың мазмұнымен танысу, ынтымақтастықта топпен, жұппен, жеке жұмыс жүргізуге, бірін бірі бағалауға үйрету.
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылар Скелет биін билеп ортаға шеңбер жасап тұрады, Достық шеңберінде бір - біріне тілек айтады.(1 минут)
2. Бағдаршамның түстерін таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді, Қызыл , Жасыл , Сары топтары өз көшбасшыларын, уақыт сақшысын атап және түске сәйкес пікірлерін білдіреді.(1 минут)
3. Құмырсқаның тіршілігі , Шаяндар бірлігі бейнетүсірілімдерін көрсету арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру (1 минут)
ІІ. Ой қозғау. Үй тапсырмасын сұрау.
1) Сиқырлы қоңыз сұрақтары қойылады( 1 минут )
1. Мұрағаттау деген не? т. б бірнеше сұрақтар өзара қойылып жауап беріледі
ІІІ. Мағынаны тану.
а) Жаңа сабақ презентациялар арқылы көрсетіліп баяндалады.(5 минут)
б) Болашақтағы компьютерлер бейнероликтері корсетіледі (2 минут)
в) Топтық жұмыс. Жаңа сабақты бекітуге арналған тапсырмалар беріледі. Жаңа тақырып әр топқа бөліп беріледі, және бір біріне түсіндіре отырып постер жасау. (7 минут).
Әр топ постерлерін ортада қорғайды және сұрақтарға жауап береді (6 минут)
Бағалау. Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы формативті бағаланады.(4 минут)
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
Топтық әрі жұптық жұмыс. Пилот - Штурман а) Компьютердегі тәжірибелік жұмыс (5 минут) Ғаламтордан ақпарат іздеп тауып, таблицаны толтыруға арналған деңгейлік тапсырмалар орындалады. (Бағалау. Смайликпен немесе бағдаршаммен бағаланады.)
б) Жеке жұмыс. Интерактивті тақтада кесте толтыру тапсырылады.(5 минут) (Бармақпен бағаланады)
Қызылорда қаласы,
№1 Қ. Мұхамеджанов атындағы
мектеп - гимназиясы математика пәнінің мұғалімі
Табынбаева Перизат Сейдалықызы