Балаларға ертегі мазмұнын айтуға, сахналауға үйрету

Скачать

Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Ертегіде қонақта (ертегі бойынша әңгімелеуге дайындау)
Мақсаты: а) Балаларға ертегі мазмұнын айтуға, сахналауға үйрету.
ә) Қ дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіру арқылы қ дыбысының айтылуын меңгерту.
б) Ертегі мазмұны арқылы адал достыққа тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар мен көрнекіліктер: №24 демонстрациялық материал (ертегі кейіпкерлерінің суреті)
Сөздік жұмыс: бауырсақ, қасқыр, қоян, аю, түлкі.
Билингвальды компонент: бауырсақ - бауырсақ, қасқыр - волк, қоян - заяц, аю - медведь, түлкі - лиса.

Мотивациялық - қозғаушылық
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Балалар, үйлеріңде аналарың бауырсақ пісіре ме?
- Бауырсақтың дәмі қандай?
- Оның түсі қандай?
- Бүгін біз бауырсақ туралы ертегі тыңдаймыз.
-- Амандасады.
- Пісіреді.
- Дәмді.
- Сары, қызғылт.

Ұйымдастырушылық - ізденістік №24 демонстрациялық материал
- Бүгінгі тыңдайтын ертегіміздің аты - Бауырсақ . Педагог ертегінің мазмұнын мәнерлеп айтып береді.
- Ертеде кімдер өмір сүріпті?
- Шал кемпірге не дейді?
- Пісірген бауырсағы қандай болыпты?
- Бауырсақ не істейді? (Бауырсақтың орманға дөңгелеп бара жатқанын көрсету).
- Бауырсақ қайда дөңгелеп бара жатыр?
- Бауырсақ қандай жануармен кездеседі?
- Балалар, қоян қандай болады?
Қоянға бауырсақ не деп ән салды?

Өлеңді тыңдайды.
Ертегінің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
- Шал мен кемпір.
- Бауырсақ пісір ,- дейді.
- Дәмді, қызғылт сары.

- Орманға дөңгелеп кетеді.
- Қоянмен кездесті.
- Қоян қорқақ, кішкентай.

- Менің атым - Бауырсақ.
Мені суға иледі.
Мені майға пісірді.
Терезенің алдына
Суытуға қойды.
Атайдан мен құтылдым,
Әжейден мен құтылдым.
Енді сенен құтылу,
Қиын емес бұл маған,- дейді де әрі қарай домалай жөнеледі.
- Бауырсаққа тағы қандай аң кездеседі?
- Балалар, қасқыр қандай болады?
- Қасқырға қандай ән айтып береді?
- Содан кейін қайсы аң кездеседі?
- Балалар, аю қандай болады?
- Аюға қандай ән айтып береді?
- Содан кейін қайсы аң кездеседі?
- Балалар, түлкі қандай болады?
- Түлкіге қандай ән айтып береді?
- Одан кейін не болады?
- Түлкі қулығын асырып, бауырсақты жеп қояды.
Педагог балаларға жаңа сөздерді қайталатады.
Билингвальды компонент: бауырсақ - бауырсақ, қасқыр - волк, қоян - заяц, аю - медведь, түлкі - лиса.

Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың,
Құлпынай көп екен,
Теріп - теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.
Педагог балаларға Бауырсақ ертегісін сахналауға жетекшілік етеді.( Қ дыбысының анық айтылуына мән береді). Жеке жұмысты қажет ететін балалардан ертегі мазмұнын сұрау.

- Қасқыр.
- Түсі сұр, тістері сояудай.
Балалар хормен Бауырсақтың әнін айтады.
- Аю.
- Үлкен, маймақ.
Қорбаңдап жүреді.
Бауырсақтың әнін хормен айтады.
- Түлкі.
- Түлкі қу болады.
Бауырсақтың әнін қайталады.
Балалар қайталайды: бауырсақ - бауырсақ, қасқыр - волк, қоян - заяц, аю - медведь, түлкі - лиса.
Бірге қайталап, сәйкес қимыл жасайды.
Балалар рөлдерге бөліп ойнайды.

Рефлексиялық - түзетушілік - Балалар, бүгін біз қандай ертегі тыңдадық?
- Ертегіде қандай жануарлар бар екен?
- Түлкі қандай болып шықты?
Балаларды мадақтау. Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады. Бір - бірінің жауаптарын толықтырады.

Күтілетін нәтиже:
Орындайды: ертегінің мазмұнын түсініп, әр кейіпкерді сомдауға (сахналауға) арналған тапсырманы;
Түсінеді: ертегіні диалог түрінде қалай әңгімелеу керектігін;
Қолданады: қ дыбысы келетін сөздерге мысалдар келтіріп, сол сөздерді дұрыс айта білу іскерліктерін.


Скачать


zharar.kz