В. Натурал сандардың бөлінгіштігі5 сыныпСабақ тақырыбы

Скачать

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5. 1В. Натурал сандардың бөлінгіштігі
5 сынып
Сабақ тақырыбы: Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
5. 1. 1. 5 - натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын білу.
5. 1. 2. 8 - натурал сандардың бөлгіштерін табу.
5. 1. 2. 9 - натурал сандардың еселіктерін табу.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Натурал санның бөлгіші мен еселігінің анықтамасын біледі. Сандардың бөлгіштері мен еселіктерін таба алады
Оқушылардың басым бөлігі: Натурал сандардың ортақ еселіктері мен бөлгіштерін ашып көрсете алады.
Кейбір оқушылар: Берілген натурал санның бөлгіштері жұптарының қасиетін біледі және есеп шығарғанда күрделі есептерде табуды біледі.

Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі: 1. Психологиялық дайындық. Ынтымақтастық атмосфераны орнату. Сәлемдесу ойыны. Қатар тұрған оқушы бір - бірімен иықпен, қолмен, шынтақпен, баспен сәлемдеседі. Бұл ойын балалардың көңіл күйін көтеру үшін қажет. Шағын топтарға дыбыстау арқылы топтастырылады. Тақырыпқа байланысты оқушылар 2, 3, 4,,,,,,, 6 - дан топқа біріктіремін,(әр бөлінген сайын қалдықпен, әлде қалдықсыз бөлінетіндігін анықтап сұраймын)
Ой қозғау.
Өзің оқитын сыныптың оқушыларын 2 топқа, 3топқа 4 топқа, 5 топқа бөлуге бола ма? Неліктен?
Ендеше 4 - топқа топтасамыз.
Тапсырма 1 Үй тапсырмасы Ыстық орындық стратегиясы бойынша тексеріледі. Дәптерлер тексеруге жинап алынады
Мақсаты: өткен сабақта алған білімдерін еске түсіру, кері байланыс

Мектеп: КММ МГ №95
Мұғалімнің аты - жөні: Купеева Жанар Балпановна


Скачать


zharar.kz