Топтамадағы тақырыптар:
1. 92 4 және 3684 түріндегі көбейту және бөлу
2. Ер Тарғын (ана тілі)
3. Пайдалы қазбалар (дүниетану)
Сабақтың тақырыбы: 92* 4 және 368: 4 түріндегі көбейту және бөлу
Мақсаты: Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу тәсілдері.
Білімділігі: Екі және үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғышқа жіктеп, қосындыны санға көбейту және бөлу тәсілдерін еске
түсіріп қайталау.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілетін дамыта отырып, ауызша, жазбаша есептеу арқылы білім деңгейін дамыту.
Тәрбиелігі: Сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру арқылы шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бағалау бетшесі, даму мониторингі, тірек белгілері, интерактивті тақта, парақшалар.
Сабақтың әдісі: Оқытудың үш өлшемді педагогикалық технологиясы, сауалнама.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың жүру барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Ой қозғау.
3. Қызығушылықты ояту.
4. Мағынаны таныту.
5. Деңгейлік тапсырма.
6. Бағалау бетшесін толтыру.
7. Қорытынды.
I. Ұйымдастыру.
а) Оқушыларға сыныпта қонақтар екенін хабарлау.
ә) Сабаққа зейінін аудару.
Үй тапсырмасы:
Өткен сабақта толтырылған бағалау бетшесі арқылы әр оқушыға әртүрлі тапсырма, сол себепті дәптер жинап алып тексеріледі.
II. Ой қозғау:
Өткенді қорыту мақсатында сауалнама жүргізу.
(жауабын тірек сигнал белгілері арқылы көрсету )
1. 8*9=72 9*8=72 бұл көбейтудің қандай қасиеті?
а ) терімділік
ә) ауыстырымдылық
б) үлестірімділік
2. 3 - тің кубы нешеге тең?
а ) 27 ә) 36 б) 81
3. Қосындыны санға көбейту үшін әр қосылғышты сол санға көбейтіп, сонда шыққан көбейтінділерін қосуға болады, бұл көбейтудің қандай қасиеті?
а ) ауыстырымдылық
ә ) үлестірімділік
б) терімділік
х: 8=5 бұл теңдеуде қай компонент белгісіз?
а ) бөлгіш ә) азайғыш б) бөлінгіш
5. Қосындыны санға бөлу және көбейтудің неше тәсілі бар?
а ) 3 ә) 4 б) 2