Мәдениет, салт-дәстүрлер денсаулық сақтау және білім саласындағы әлеуметтік саясаттың негізгі құраушы факторы

Скачать

Мәдениет, салт-дәстүрлер денсаулық сақтау және білім саласындағы әлеуметтік саясаттың негізгі құраушы факторы деп кесіп айта аламын. Неге деген сұрақ туады? Шын мәнінде талқылап көрелік...
Қазақстан өзінің дамуының қиын сәттерін бастан кешірді.Қазір Қазақстан Республикасы аумағында 3527000 отбасы тұрады. Тақырыпқа қатысты еліміздегі қазіргі жағдай тікелей отбасы жағдайларына қатысты. Өтіп жатқан жағдайлардың нақтылығын бағалай отырып, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мен оның элементтерінің: білім беру, әлеуметтік қорғау, тұрғын–үй және денсаулығын қорғаумен қамтамасыз етудің мазмұнын ашу өте қиын. Қазіргі кезде журнал, мақала сипатындағы әлеуметтік жұмыстар өте көп, бірақ осы ғылыми пәннің даму тарихын, мәдениетін, қалыптасуын және күйін қарастыратын теориялық жұмыстар жаңадан қалыптасып жатыр. Әрине, отбасымен оның салт-дәстүрімен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың өз тарихы, өз бастауы бар. Қазір біздің республикамыздағы әртүрлі саяси - экономикалық жағдайларға байланысты көптеген ұлттардың өкілдері көшіп келіп жатыр, ал олар өндірістің шешуші салаларында қызмет атқарады. Сондықтан да жаңа ұрпақтың көбеюі, яғни бала тууға ынталандыру көлемді әлеуметтік, саяси – экономикалық проблемаға айналды. Демек халықтың тұрақты және жүйелі дамуы қажетті құндылықтармен ұдайы сусындап отыруын талап етеді.
Мәдениет, салт-дәстүр бір сөзбен айтқанда рухани азық-түлік проблемасы адамзат тарихында әлімсақтан келе жатыр. Адам баласы ғасырлар бойы өмір сүре отырып, ұлттық молшылығын жасау жолдарын нәтижелі шешуді армандап келеді. Ғылым мен техника дамуымен таң қаларлық әр түрлі жобалар пайда бола бастады. Көбісі бір жаңалықпен немесе өнер тапқыштықпен бүкіл адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз етуді мақсат етіп қойды. Оған құрылыс сәулетіндегі ұлттық элементтер, діни сенімдер, тіл саясаты, ассамблеялар мен түрлі қоғамдық бірлестіктер, эмблемалық нышандар т.б. мысал бола алады.
Мұндай стратегия елдердің қол жеткізген табыстылық деңгейін сақтап қалуға және қолайлы нарықтық жағдайларда бұл көрсеткішті барынша арттыруға мүмкіндіктер береді.
...Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті нәтижеге жету әсте мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай ел дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес. Осы орайда мәдениет, салт-дәстүрлердің қоғам өміріндегі маңызды ролі, денсаулық сақтау және білім саласындағы әлеуметтік саясаттың негізгі құраушы факторы екендігін айшықтай түседі.


Скачать


zharar.kz