Қарсылық мәнді салалас және қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдердің табиғаты

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Қарсылықты бағыныңқы сабақтас. Қарсылық мәнді салалас және қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдердің табиғаты.

Сабақтың мақсаты.

Білімдік: Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың бағыныңқысының жасалу жолдарын ұғындыру, өзге сабақтас сөйлемдерден ажырата білуге дағдыландыру, олармен ұқсастығы, айырмашылығын ажырату. Салалас құрмаластың қарсылықты түрі, қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас туралы ұғымдарды меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың қарсылық мәні туралы, оның сөйлемдегі, құрмалас сөйлемдегі көрінісі туралы ой қорытындысын жасауға қабілетін дамыту, ұғымдар және байымдау жасау қабілеттерін, ойлауы мен тілін, зейінін дамыту, өз пікірін білдіру, бала бойында өзін - өзі сыйлау идеясын дамыту.

Тәрбиелік: Өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру, белсенділігі мен қызығушылығын, жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, оқушыларды табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Баяндау, талдау сабағы.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Іздену, қозғау салу, компьтермен жұмыс, сұрақ - жауап, салыстыру, оқулықпен жұмыс, тест.

Сабақтың көрнекілігі: Тақта, компьютер, сызбалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

а). Оқушылардың оқу құралдарын түгендеу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушылардың ынта - зейінін, назарын сабаққа аудару. Тақтаға күннің атын, сабақтың тақырыбын жазып қою.
ә). Оқушыларды 2 топқа бөлемін.
б). Стратегия сызбаларын алдарына үлестіріп қоямын.

IІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Өткенді еске түсіру. Оқушыларға құрмалас сөйлем, салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдердің өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары туралы білімдерін өзектендіру үшін сөйлемдер талдатамын.
1). Ахаңның бұрынғы айтқан сөзін әлі қазақ баласы ұмытқан жоқ, өлеңіндегі белгілі сарын әлі ескірген жоқ.( М. Әуезов ). (салалас құрмалас сөйлем ).
2). Ол осыны айтқанда, патшаның төңірегіндегілердің бір тобы уәзірдің арашаға түсуін қолдапты.( С. Сараи ). ( сабақтас құрмалас сөйлем ).
3). Көптеген ғалымдар тіл мен ойлаудың өзара қарым - қатынасы туралы мәселені шешуге тырысқанымен, оны дұрыс шеше алмады. ( К. Аханов ). ( сабақтас құрмалас сөйлем ).
2. "Топтастыру" стратегиясы бойынша құрмалас сөйлемдерден білетін ұғымдарын жазғызамын.
3. Бұл ұғымдарын жинақтап, жүйелеуді тапсырамын.
Одан соң өздеріне таныс емес сабақтастың түрлерінің астын сыздырамын.

III. Жаңа сабақты түсіндіру және дағдыландыру.

Балалар, өмірдегі құбылыстарды тану мен оларды тіл арқылы білдіруде адам өз ойын қарсыластыра, қарама - қарсы нәрселердің біртұтастықта көрінуіне мән бере сөйлейді. Қарама - қарсы құбылыстарды, іс - әрекеттерді қатар айтуда құрмалас сөйлемнің қызметі ерекше болады. Өйткені, бір ғана сөйлем ішінде іс - әрекеттің қарама - қарсы екі түрі беріледі. Енді олардың берілуінде салаласа байланысқан құрмалас сөйлемдер мен сабақтаса байланысқан құрмалас сөйлемдердің екеуі де белсене қызмет атқарады.
Бірақ құрмаластың екі түрі болғандықтан да, салалас та қарама - қарсылықтың берілуі екінші басқа болып келеді. Бірақ екеуінің ортақ нүктесі бар, ол – құрмаластың осы екі түрінде де бір мағынаның көрініс беруі. Мына сызбаны қарайық. Мұнда ортақ мағынаны беруде салалас пен сабақтастың екі түрлі қызметі көрінеді.

Қарсылық мағына
Қарсылықты салалас құрмалас
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас

Енді қарсылықты салалас құрмалас пен қарсылықты бағыныңқы сабақтастың табиғаты танылатын ережелерді салыстырып көрейік:

Қарсылықты салалас
Құрамындағы жай сөйлемдері іріне - бірі қарама - қарсы мағынада айтылған салаластың түрін қарсылықты салалас деп атаймыз.
Мысалы: Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ - ты.

Қарсылықты бағыныңқы сабақтас
Басыңқыдағы іске бағыныңқыда айтылған іс немесе басыңқыдағы іс бағыныңқыдағы іске қарама - қарсы мағынада айтылса, ондай сабақтастың түрін қарсылықты бағыныңқы сабақтас деп атаймыз.
Мысалы: Жетпіс жыл өмір сүрсем де, аз секілді көргенім.(О. Ш.)

Оқушыларға өзіндік тапсырма:

1. Ережелердегі ортақтықты анықтаңдар.
2. Ережелердегі айырмашылықтарды көрсететін жерлерді анықтаңдар.
3. Екі ережеге сәйкес келетін сөйлем құраңдар.

Тұжырым жасау . Құрмалас сөйлемнің салаласа байланысқан түрі де, сабақтаса байланысқан түрі де қарсылық мағынасын бере алады. Бірақ:
1. Екі түрінің қарсылықты мағынаны беруі екі түрлі болып келеді.
2. Ол түрлілік салалас пен сабақтастың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты.
3. Ол түрлілік екі түрдегі қарсылықты бір мағынаның жасалу жолдарының түрліше болып келуімен байланысты.
4. Оқушыларға тұтас ереже жасату.

IV. Жаңа технологиямен жұмыс

І топ. "Кубизм" стратегиясы бойынша жұмыс жасайды.
1. Суретте. (Қарсылықты бағыныңқы сабақтас туралы жазады ).
2. Салыстыр. (Қарсылықты бағыныңқы сабақтасты қарсылықты салаласпен салыстыр).
3. Ойыңмен байланыстыр. ( Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдарындағы кейбір жұрнақтардың өзге сабақтастар да бар екеніне мысал келтіріп дәлелдейді ).
4. Сарала. ( Жасалу жолдарын түсіндіреді, мысал келтіреді ).
5. Қолдан. ( Қарсылықты бағыныңқы сабақтасқа сөйлем ойлайды ).
6. Талқыла. ( Жасалу жолдары бірдей сабақтастардың ажыратылуы қиын екені, мағынаның қарым - қатынасына жете мән беру керек екені айтылады ).

ІІ топ. "Ұқсастық пен даралық" стратегиясы бойынша жұмыс жасайды.
( Мезгіл бағыныңқы сабақтас, шартты бағыныңқы сабақтас, себеп бағыныңқы сабақтас, қарсылықты бағыныңқы сабақтас ).

Оқулықпен жұмыс. Жаттығу жұмысын орындау.
І топ. 130 - жаттығуды орындайды.( Тыныс белгілерін қойып жазып, мағыналық түрлеріне ажыратыңдар ).
ІІ топ. 131 - жаттығуды орындайды.( Қарсылықты салаласты сабақтас құрмаласқа айналдырып жазыңдар ).

Т е с т т а п с ы р м а л а р ы н о р ы н д а у
V. Ж а ң а с а б а қ т ы б е к і т у
1. Шығармашылық диктант.
Тапсырма: берілген екі бағанға бір жағынан қарсылықты салалас құрмаласты, екінші жағынан сабақтас құрмаласты жазып отырыңдар.

2. Берілген жай сөйлемдерді толықтырып, алдымен қарсылықты салалас, сосын қарсылықты бағыныңқы сабақтас етіп өзгертіңдер. Қараңғы түсті. Дабыр басылмады...

О қ у ш ы л а р д ы ң б і л і м і н б а ғ а л а у
VІ. Ү й г е т а п с ы р м а
1. Сабақтың мазмұнын дәптерден қайталап келу.
2. Оқулықта берілген материалдарды оқып, талдап келу.
3. Жаттығуды орындау.
4. Қарсылықты салалас пен қарсылықты бағыныңқы сабақтастың біріне - бірінің айналу тәсілін талдап, соған байланысты 4 мысал жазып


Скачать


zharar.kz