Ғажайып қоржын

Скачать

Тақырыбы: Ғажайып қоржын.
Мақсаты: 1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
2. Логикалық ойлау қабілеттерін, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3. Өз беттерінше жұмыс жасауға, жылдам ойлануға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Ұпай саны жазылған 10 асық, боялған 4 асық, сандықша - 2, қоржын, әріптер жазылған карточкалар, нақыл сөздер, бүктемелер, сыйлықтар.
Барысы:
Ж: - Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі Ғажайып қоржын атты кешімізге қош келдіңіздер! (Кештің мақсатын айтып өту).
Ойын ережесі: Қоржынның ішінде 5 - ке еселі сандар бойынша ұпайлар жазылған 10 асық және әр түрлі түске боялған 4 асық салынған. Ұпай жазылған асықтар бойынша ойыншылардың ұпайы есептелінеді. Ал боялған асықтар: қара – банкрот, яғни ойыншының ұпайлары күйіп кетеді. Сары – сыйлық, яғни ойыншының қалауы бойынша сыйлық алса ойыннан шығады, алмаса ойынды жалғастырады. Қызыл – ұпай саны 2 еселенеді. Көк – ойыншы қалауы бойынша кез келген 1 әріпті ашады. Егер ойыншы үш әріпті қатар ашса екі сандықшаға сыйлық жасырылады.
Ойынға 3 оқушыдан 3 топ қатысады. Әр топтың жеңімпаздары жартылай финалға қатысады, жеңімпаз соңғы ойынға қатысады.
- Ал, енді ойынымызды бастамас бұрын ойыншыларымыздың ұпайларын есептеп отыратын есептеуші комиссиямызды сайлап алайық....
- Енді ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Алдарыңызға 1 - топтың 3 ойыншысын шақырамыз:
Өзіңе - өзің кәміл бол,
Халқыңа әділ бол.
Жауыңа қатал бол,
Досыңа адал бол,- деп ортаға 1 - топтың 1 - ойыншысы Қайдарды шақырамыз.

Жанар ма деп талабың,
Биікке шыңға тартасың.
Талабыңа нұр жаусын,
Сәтті болсын қадамың, - деп 2 - ойыншы Нүркенді шақырайық.

Топ қыздар келіпті кешімізге,
Соның бірі Маржанды білесің бе?
Кел Маржан сен ортаға
Қай сұрақ тиер екен үлесіңе?
Сонымен 3 - ойыншымыз Маржан қыз.

Әр оқушы өздерінің ұрандарын айтып өтсін.

Сіздерге қойылатын сұрақ: Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі. Физика - математика ғылымдарының докторы, профессор. Алғашқы ұлттық жоғары математика оқулығының авторы. Математикалық теңдеулерге, теориялық және қолданбалы механика саласына еңбегі сіңген ғалым. (Жәутіков)

(Ойын шартын қайталап өту). Ойында 1 - ойыншыдан бастаймыз.
(Ойын аяқталғанда әрбір ойыншының ұпайлары есептеліп, сыйлықтар тапсыры - лады. Жеңімпаз анықталады.)

- 2 - топтың сұрақтары даяр болғанша көрермендермен Әзіл есептер шығарайық.
1. Жанұяда 2 ұл, әр ұлдың 2 әпкесі, 1 әкесі бар. Әр қыздың 1 анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? (2 ұл, 2 қыз, 1 әке, 1 ана. Барлығы - 6 адам)
2. 1 тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауыр ма? (Бірдей)
3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда 4 бала жолықты. Мектепке неше бала
барды? (5 бала)
4. Стол үстінде 7 майшам жанып тұр. Оның екеуін өшіріп тастадық. Нешеуі қалды? (2)

Ендігі кезекте 2 - топтың 3 ойыншысын ортаға шақырайық.

Ермек бала енді кезек келді саған,
Жақын кел ортаға бері таман.
Шешерсің тапқырлықпен сұрақтарды,
Ол үшін Ермек бала болма алаң,- деп ортаға Ермек баламызды шақырамыз.

Бастарсың істі кемелді,
Үміттің отын лаулатып.
Жігіт боп өскін өрелі,
Кетпесін өмір аунатып,- деп келесі ойыншымыз Самғатты шақырамыз.

Қанатын қағар жыр жолдап,
Келеді ертең жаңа ұрпақ.
Аумай бір тұрсаң жұлдыздан,
Қарайды жұртың таңырқап,- дей отыра ортаға Айгерімді шақырамыз.

Ұрандарын айту. Ережені қайталау.

Сұрақ: Математиктердің өзіне тән тілі бар, ол формула деген сөздің авторы және дүние жүзіндегі ең алғашқы математик - әйел? (Ковалевская)

(Әр ойыншыға сыйлық беру, ұпайларын есептеу, жеңімпазды хабарлау)

3 - топтың ойыны даяр болғанша көрермендермен жұмбақ шешейік:
1. Мен бұрышты берілген
Тең екіге бөлемін
Жаралғалы ғылымда
...... аталып келемін.
(биссектриса)

2. Санға қосып, алсаң
Сол санның өзі шығады
Санды оған бөлуге болмайтынын
Математиктер ұғады.
Көп адамдар ол санға,
Шекесінен қараған.
Сан осін қақ бөлуге,
Сол саныңыз жараған. (ноль)

3. Санасаң сан жетпейтін нүктелерден
Құралған фигура бар қарапайым
Салу үшін сен оны сызғыш ізде
Бұл не өзі, бар ма сірә, дара пайым. (түзу)

Енді 3 - топтың 3 ойыншысын шақырайық:

Ән болады әрқашан да қыз барда,
Жылуынан жібіп тіпті мұздар да.
Әсем, әсем ән салғанда жетер кім,
Айдана деген біздің сұлу қыз барда.
Сонымен ортамызда 3 - топтың 1 - ойыншысы Айдана.

Ән салса Жадыра қыз таң қаларсың,
Әр сөзін тоқсан тоғыз қайталарсың.
Бұл кешке әнші қызды шақырмай,
О, халайық қалай ғана тұра аласың,- деп ортаға 2 - ойыншы Жадыраны шақырамыз.

Еркелеп, күліп есіп тау самалы,
Әлемге жаңалықты жар салады.
Мен келдім деп сызылып, күлімсіреп,
Ортамызға Айжан қыз шыға келді.
Сонымен ортамызда 3 - ойыншы Айжан.

Ұран. Ереже.
Сұрақ: Б. э дейінгі 4 ғасырда өмір сүрген ежелгі грек математигі. (Евклид)
(Ұпай сандарын есептеу, сыйлықтарын беру, жеңімпазды анықтау)
Көрермендермен мақал - мәтел ойыны, яғни мен бастаймын сіздер қоштайсыздар:
1. Жас жемісті жұлма.
Жас баланы ұрма
2. Жұт жеті ағайынды
3. Ер бір өледі. Қорқақ мың өледі.
4. Білекті бірді жығады
Білімді мыңды жығады.
- Ортаға жартылай финалға жеткен жемпаздарымызды қошеметпен шақырайық.

Сұрақ: Ноль қай елдің сөзі? (Үндістан)
- Суперфиналға қатысатын ойыншыны ортаға шақыру.
Сұрақ: 5, 6 – сыныптағы Математика оқулығының авторы.
(Алдамұратова)
- Қалаған 4 әріп ашуға рұқсат. Өзінің табуы бойынша.
Қорытындылау. Жеңімпазға мақтау қағазын тапсыру.


Скачать


zharar.kz