ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Физика
Сабақ тақырыбы: § 5. 8. Термодинамиканың бірінші заңын изороцестерге қолдану.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Изопроцестер туралы түсінік қалыптастыруды әрі қарай жалғастыру, термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану. Осы тақырып бойынша ҰБТ есептерін шығарып үйрену.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке ой қабілеттерін дамыту, белсенділік пен қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, баяндау.
Сабақ түрі: аралас
Сабаққа керекті құралдар: интерактивті тақта,
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- сынып тазалығы;
- сыныпты түгендеу;
- бағалау парағын үйлестіру
ІІ. Үйге берілген тапсырмалардың тексеру.
Менен сұрақ, сізден жауап әдісі
Үй тапсырмасын не жаңа сабақты бекіту мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылып, жауабы тыңдалады. Оқушы сұрақтарға нақты жауап беру керек.
Бұл әдісіде kahoot ойыны арқылы сұралады
Физикалық диктант
1. Ішкі энергия температураға тәуелді ме?
2. Температура, көлем, қысым термодинамикалық параметрлер ме?
3. Мына тәсілдер ішкі энергияны өзгерте ала ма?
жұмыс жасау және жылу беру
4. А=p∆v. Механикалық жұмыстың формуласы ма?
5. Ішкі энергияның өлшем бірлігі Дж ма?
6. Термодинамика нені зерттейді?
7. Ішкі энергия дегеніміз не?
8. Бір атомды идеал газдың ішкі энергиясының формуласын жазыңдар
9. Термодинамиканың бірінші заңының формуласын жаз.
10. Термодинамикалық жұмыстың формуласын жаз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Изохоралық процесс.
Мектеп: Мамандандырылған Дарын мектеп - интернаты
Физика пән мұғалімі: Зайниддинов М. Ш.