Баланы тәрбиелеуде отбасының екі тірегі әке мен ана басты тәрбиешілер

Скачать

Мақсаты: - Балабақша мен отбасының өзара байланысын, қарым - қатынасын нығайту
- Бала тәрбиесінде Әкенің рөлі ерекше екендігін түсіндіру
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, слайд
1. Есімдер аллитерациясы
2. Мен үшін әке болу – бұл...
3. Баяндама
4. Әке мен сенің бір сағат уақытыңды сатып алайыншы? (бейнеролик)
5. Балалардың әке туралы пікірін тыңдайық
6. Ситуациялық сұрақтар
7. Тест
8. Өз жұлдызыңызды табыңыз
9. Қорытынды
- Сәлеметсіздер ме, ардақты әкелер! Бүгінгі тренингке қош келдіңіздер!
Әке.... Бұл үш әріпті сөзде не бар? Әке деген сөз – мейірімділік, ержүректік, әдептілік деген ұғымдармен іспеттес. Әкенің бала дүние есігін ашқаннан бастап, оның өсіп дамуына тигізетін әсері маңызды екені баршамызға мәлім.
1. Есімдер аллитерациясы. Шеңбер құрып, өз есімімізді айтамыз.
- Есіміңіз кім?
- Қандай мағына береді?
- Өз есіміңіз өзіңізге ұнайды ма?
2. Тренинг: Мен үшін әке болу – бұл.... осы сөйлемді аяқтаймыз.(бақыт, жетістік, байлық, арман, дәреже, мәртебе, өмір, жауапкершілік... т. с. с )
3. Әке, мен сенің бір сағат уақытыңды сатып алайыншы?
Қазіргі кезде бәрімізде жұмыстың арбауында жүрген адамдардың біріміз. Сондықтан да болар кейде балаларымызға уақыт бөлмейміз де, балалардан алыстаймыз. Құрметті әкелер, балаларыңызға уақыт бөліп, олармен бірге ойнап, кешкі уақытта көңіл бөлсеңіздер, балаларыңыз мейірімге толы, адамгершілігі мол ұрпақ болатына сенеміз.

Бала есейген сайын оған әкесімен қарым-қатынас маңыздырақ бола бастайды және 6 жасынан бастап оның рөлі ептеп бірінші орынға шыға бастайды.
Анасының құзіреттілігі – киіндіру, тамақтандыру, жылылық пен ыңғайлылықты қамтамасыз ету, ал үлкен істерді жүзеге асыру – үйге жөндеу жұмысын жүргізу, көлікті немесе басқа техниканы жөндеу, зияткерлік әңгіме жүргізу – бұл әкенің айрықша құзіреті. Әрине, қазіргі заманда ата - аналар рөлдерін айырбастап алады, бірақ дәстүрлер қалыспайды. Әке белгілі бір мінез - құлық көзін, сенімділік пен сыйластық үлгісін көрсетеді. Әке – тәртіп пен реттіктің белгісі. Әкесінің беделінсіз өсіп келе жатқан бала тәртіпсіз, әлеуметтік жат қылықтарды істеуші, ересектер мен балаларға қатысты қарым - қатынаста ашушаң болып өседі.
Әке белгілі бір мінез - құлық көзін, сенімділік пен сыйластық үлгісін көрсетеді. Әке – тәртіп пен реттіктің белгісі. Әкесінің беделінсіз өсіп келе жатқан бала тәртіпсіз, әлеуметтік жат қылықтарды істеуші, ересектер мен балаларға қатысты қарым - қатынаста ашушаң болып өседі. Әке - дүние, еңбек және техника туралы танымдардың көзі болып табылады, ол болашақ мамандыққа бағытталуға ықпалын тигізеді және әлеуметтік пайдалы мақсаттарды құрайды .
6 жастан 11 жасқа дейінгі әкелері өсірген ұл балаларды аналарымен өмір сүретін ұлдармен салыстырғанда әкелермен тұрған ұл балалардың өмірдің әр түрлі жағдайларына тез бейімделетіні анықталған.
Әкесінің қызын мақтан етуі өте маңызды, оған сен қандай әдемісің деп айтып отырған абзал, өскен соң ол өзінің сыртқы бейнесінен қысылмайды, ер адамдармен қарым - қатынаста үйлесімдірек болады. Оның үстіне әкесінің бейнесі қыз баланың өзіне таңдаған
өмірлік досының - жас жігіттің типажына әсерін тигізуі мүмкін.

4. Бейнеролик. Балалардың әкелері туралы пікірін тыңдайық.
5. Ситуациялық сұрақтар

1. Сіздер балаға тек қана ата - ана емес, дос болуларыңыз керек. Бұл үшін не істеулеріңіз керек.
2. Сіздің көңіл - күйіңіз төмен болса, жанұяға, балаларыңызға әсері тие ме?
3. Сіз балаңыздың жаман қылығын білдіңіз. Сіз қалай қабылдайсыз?
4. Балаңыз далада ойнап жүріп, үйге жылап келді. Қасында ойнап жүрген баланың тасы тиіп кеткенін айтады. Сіз не істейсіз? Жүгіріп барып сөйлесесіз бе, әлде балаңызға түсіндіресіз бе?
5. Сіз бір жерге асығып бара жатырсыз. Балаңыз велосипедтің аяғы жарылып қалғанын айтып, жөндеп беруін өтінеді.
6. Тест сұрақтары
Мен жақсы әкемін бе?
Өз жұлдызыңызды табыңыз. Жұлдызды түнді елестетіңіз жұлдыздар үлкен және кіші, жарық және күңгірт. Біреу үшін бұл біреу немесе бірнеше жұлдыздар, ал біреулер үшін сансыз көп, жарық шашып бірде алыстап, бірде қол созым жерде жақын орналасқан. Жұлдыздарға мұқият қарап, ең керемет жұлдызды таңдаңыз. Мүмкін бұл балалық кездегі сіздің арманыңызға ұқсас шығар, мүмкін ол сіздің бақытты сәби кездеріңізді еске түсірген шығар. Тағы да ол жұлдызыңызға сүйсініп, соған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз. Сіз міндетті түрде сол жұлдызға жетесіз. Аспаннан алып оны алдыңызға қойыңыз.
а) ата - ана алдарыңда жатқан жұлдыздардан өзіне біреуін таңдап алады
ә) болашақта баласын қандай адам ретінде елестететінін жазады
тақтаға іледі
7. Мақал - мәтел мағынасын ашу
Әкеге қарап ұл өседі , Әке көрген оқ жонар
8. Мен ұлымды немесе қызымды мақтан тұтамын жаттығуы
Әкелерге түрлі - түсті қағаздан қиылған алмаларға өз ұлдары мен қыздарына арналған тілектер жазып, талдың суретіне жапсыру
9. Қорытынды. Баланы тәрбиелеуде отбасының екі тірегі әке мен ана басты тәрбиешілер. Біз ұстанатын басты ереже тәрбиешілердің өзі тәрбиелі болуы керек.
Баланы жастан бақпасан
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек,- дегендей баланың ыстық - суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата - ана жоқ шығар.
Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата - ана. Сондықтан ата - ананың үлкен мақсаты - өз баласын үлкен әріптен жазылатын Азамат етіп тәрбиелеу. Сіздің балаңыз – еліміздің ертеңгі болашағы.


Скачать


zharar.kz