Әуенін тап

Скачать

Алматы облысы, Ақсу ауданы,
Құрақсу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Мукажанова С. О.

Тақырыбы: Зерде интеллектуалдық сайысы.
Мақсаты: Сайыс барысымен таныстыру. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Өз пікірлерін дәлелдеп айтуды, топпен жұмыс істеуді үйрету. Сайыс барысында оқушыларды батылдыққа, ептілікке, төзімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: Слайд, нақыл сөздер, суреттер.

Сайыс барысы: - Ұйымдастыру
Құрметті оқушылар бүгінгі Зерде интеллектуалды сайысына қош келдіңіздер. Бүгінгі сайысымызда оқушылар білімдерін, алғырлықтарын, зергерліктерін көрсетеді.

Сайысымыз 7 турдан тұрады:
1. Ойлан, тап
2. Шешімін тап
3. Бейне сұрақ
4. Төрт сурет, бір сөз
5. Әуенін тап
6. Кім жылдам?
7. Соңғы айналым.

1. Ойлан, тап:
- Қазақ хрестоматиясы оқу құралын жазған кім? Ы. Алтынсарин
- Тұңғыш Әліппе оқулығын жазған, ғалым, ақын кім? Ахмет Байтұрсынов
- Белгілі ақын, жазушы. И. Жансүгіров
- Балаларға тарту атты өлең кітабы бар И. Жансүгіров
- Қазақ балаларына мектеп ашқан кім? И. Жансүгіров
- Мен қалай оқуға бардым? мәтінінің авторы. Ахмет Байтұрсынов

2. Шешімін тап:
- Рақаттанып сөзінің синонимі масайрап
- Жіпті екі ағаштың арасына тартып байлайды. кергіш
- Малдың немесе аңның терісінен тігілген кең, ұзын тон Тұлып
- Кесілген ағаш қалай аталады? шөрке
- Ағаш табақ қалай аталады? аяқ
- Ертеде үгіт насихатқа толы кітап. Қабуснама

3. Бейне сұрақ:- Айналадағы дүниені танып білудің маңызды қандай әдістері бар? әңгіме, әңгімелесу.
- Оның мамық жүндері түнде ұшқанда дыбысын да білдірмейді. Тышқанның сәл қыбырлаған дыбысы естілсе болды, ол оны тез ұстап үлгереді. үкі
- Жәндіктер мен жануарлардың белгілі бір кезеңде жұмыртқадан жарып шыққан, әлі есейіп өспеген баласын қалай атайды? Дернәсілдер

4. Төрт сурет, бір сөз: Көктем, әже 50 сөзден тұратын эссе жазу.

5. Әуенін тап: Үнтаспадан ән тыңдап әуенін табады.

6. Кім жылдам? Логикалық сұрақтар:- Қонжық екеу, табаны нешеу? 8
- Үш қоянда неше құлақ?
- Қораптың қақпағы төртбұрышты. Бір бұрышын алып тастағанда қанша бұрышы болады?
- Өзенде 7 қайық жүзіп жүрді. Жағада 3 қайық тұр. Өзенде барлығы қанша қайық жүзіп жүр? 7
- Төрт қаз ұшып барады. Биіктен төмен қарады. Аяқ нешеу бас нешеу. Жауабын кім табады? аяқ 8, бас 4

7. Ақырғы айналым. Берілген фигуралардан бір бейнелі композиция құрастыр.
- Әділқазылар алқасына сөз беру.
- Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп демекші құрметті оқушылар үнемі білімге құштар болып, алға қойған мақсаттарымызға жете біліп, сабағымызды жақсы оқуға тырысайық.


Скачать


zharar.kz