Дәлелсіз сөз

Скачать

1 сынып
Тақырыбы: Ана тілін құрметтейік!
Мақсаты:
1. Оқушылардың өз тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініп тапсырманы дұрыс орындауға баулу;
2. Ой - өрісін дамыта отырып, сөздік қорын және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру;
3. Еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдісі: Екі топ арасындағы сайыс
Көрнекілігі: Слайдтар

Кіріспе бөлім
Мұғалім сөзі: Сәлеметсіздер ме құрметті ата - аналар, ұстаздар және оқушылар!
Ана тілім, дана тілім бақытым
Қазақ тілін білу менің парызым.
Тілім менің ұмытылмас тірлігім,
Кім біледі тіліміздің тағдырын.

Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде.
Сен болмасаң болар ертең күнім не?
Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен.
Қазақ болып қалу үшін түбінде.

Қазақ тілім бас иемін мен саған
Тілге деген болу керек кең талғам.
Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,
Қазақ тілі біздер үшін жаралған.
Тіліміздің тарихы бар қол жетпес,
Айтсаң оның тарихына сөз жетпес,– демекші Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі өте бай әрі көркем. Ана тілін құрметтеген адам Отанын да сүйеді.
Бүгінгі тіл мерекесіне байланысты өткізіліп отырған Ана тілін құрметтейік атты сынып сағатымызды бастауға рұқсат етіңдер.
Оқушылар:

Сабағымыз сайыс түрінде өтеді.
Бүгінгі тәрбие сағатымызда оқушыларымыздың ата - аналары 2 топқа бөлініп, өз білімдері мен өнерін ортаға салады. Осы білімдеріне баға беріп, төрелік жасайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Әділ қазылар алқасы:
1.
2.
3.
Жарыс бес сайыстан тұрады:
I. Топтық сайыс (Сайысқа 2 топ қатысады)
II. Атаның сөзі - ақылдың көзі (мақал - мәтелдер сайысы)
III. Тілім барда білмеймін мен қайғыны (өлеңді мәнерлеп оқу, әр топтан бір оқушы)
IV. Зерделі болсаң, биік шыңға жетесің (сұрақ - жауап)
V. Топ басшысына сұрақ қойылды және топ ішінен біреуі Тіл туралы бір ән айтуы керек.

І. Топтық сайыс.
Таныстыру (әр топ өзінің атымен, ұранымен, топ басшысымен, мүшелерімен таныстырады).

II. Атаның сөзі - ақылдың көзі
(мақал - мәтелдер сайысы)
Мұғалім: қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай да бейнелі тілдің бірі. Тіл байлығы - әр елдің мақтанышы. Ал қазір Мақал - сөздің маржаны деп мақал - мәтел сайысына кезек береміз.

Мақал - мәтелдер:
1. Тіл тас жарады, тас жармаса... (бас жарады).
2. Дәлелсіз сөз... (желмен тең).
3. Ине көзінен сынады,... (шешен сөзінен сынады).
4. Піл көтермегенді,... (тіл көтереді).
5. Сөз тапқанға... (қолқа жоқ).
6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
7. Шебердің қолы ортақ,... (шешеннің тіл ортақ).
8. Қаһарлы сөз... (қамал бұзар).
9. Бас кеспек болса да,... (тіл кеспек жоқ).
10. Айтылған сөз, атылған... (оқпен тең).

2 - топ
1. Бал тамған тілден... (у тамған).
2. Тауды, тасты жел бұзар,... (адамзатты сөз бұзар).
3. Жақсы сөз... (жарым ырыс).
4. Жақсы байқап сөйлер,... (жаман шайқап сөйлер).
5. Тіл қылыштан... (өткір).
6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі... (ой өсіреді).
7. Жыланның уы тісінде, адамның уы... (тілінді).
8. Көре - көре көсем боларсың, сөйлей - сөйлей... (шешен боларсың).
9. Тілден артық... (қазына жоқ).
10. Сүңгі жарасы бітер,... (тіл жарасы бітпес).
Мұғалім:
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құры қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді ата - аналарға.

III. Тілім барда білмеймін мен қайғыны
Әр топтан Ана тілі жайында жазылған бір өлеңді мәнерлеп жатқа айтып шығуы тиіс.
1.
2.

Мұғалім:
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім, егер сені білмесем.

IV. Зерделі болсаң, биік шыңға жетесің
(сұрақ - жауап)
1 - топқа:
1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан).
2. Абайдың әжесі? (Зере).
3. Балаларды оқуға шақырған Ы. Алтынсариннің өлеңі қалай басталады? (Кел, балалар, оқылық)
4. Өнер алды - қызыл тіл деген мақал ма, әлде мәтел ме? (мәтел)
5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы - қарта, жал - жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).
6. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).

2 - топқа
1. Тіл туралы заң қай жылы күшке енді? (1997ж. 11шілде)
2. Абайдың туған жылы? (1845).
3. Тіл тазалығы дегеніміз не? (ана тілдің сөзінен басқа тілдің сөзімен шұбарламау)
4. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (Ахмет Байтұрсынов).
5. Қазақ халқының салт - дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т. б.).
6. Мемлекеттік тіл қай тіл? (қазақ тіл)

V. Топ басшыларына сұрақ және бір ән:
1. Тіл қадірін білмеген - ел қадірін білмейді.
2. Тіл қылыш, тиімсіз жерде тый, тиімді жерде қи.

Жарыстың қорытындысы шығарылады. Оқушылар ата - аналары мақтау қағазы (сертификат) мен сыйлықтарға ие болады.
Қорытынды: О, туған тіл! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, қыран құстың жанары да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде, сондықтан ана тілін ар-иманымыздай ардақтап, аялай білейік.


Скачать


zharar.kz