Сабақтың тақырыбы: Экваторлық және субэкваторлық белдеулер
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін еске түсіре отырып, жаңа сабақты салыстырмалы түрде меңгерту. Жер шарының географиялық белдеулер мен зоналарға бөлінуі, әр белдеудің климаттық ерекшеліктері туралы түсінік беру.
в) Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыландыру, картамен жұмыс істеуге үйрету, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
с) Тәрбиелік: Оқушыларды ізденіске, табиғатты қорғай білуге, болашаққа өз үлесін қоса білетін білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтітақтакарта, сұрақтар жазылған кеспелер, дидактикалық материалдар.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, СТО стратегиялары
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Ауызша сұрақтар.
Мағынаны тану. Жаңа сабақ. Экваторлық және субэкваторлық белдеулер.
Ой қозғау стратегиясы.
Жер шарының климаттық белдеулерге бөліну себебі неде?
Климаттық белдеулерді ата.
Мұғалім: Жер шарында климат жағдайларының экватордан полюстерге қарай өзгеруі бүкіл табиғат кешенінің ендік зоналар бойынша өзгерісін тудырады. Зоналық заңдылық - табиғат кешенінің барлық компоненттеріне тән құбылыс. Географиялық белдеулер климаттық белдеулерге сәйкес келеді және солардың атымен аталады. Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың
Әрқайсысы 4 негізгі географиялық белдеуге бөлінеді.
1. Экваторлық
2. Тропиктік
3. Қоңыржай
4. Полярлық
Негізгі географиялық белдеулердің аралықтарын өтпелі белдеулер бөліп жатады. Кестені толтыру. Оқулықпен жұмыс.
Экваторлық белдеу Табиғат жағдайы Жануарлары мен өсімдіктері
Субэкваторлық белдеу Табиғат жағдайы Жануарлары мен өсімдіктері
Терминдермен жұмыс
Лианалар -
Саванна -
Баобаб -
Анаконда -
Эпифиттер -
Горилла -
Суб -
Сәйкестендіру тесті
Атлант................................................ тау
Солтүстік Америка............................ ойпат
Амазонка........................................... мұхит
Гималай............................................. материк
Баренц............................................... шығанақ
Парсы................................................. теңіз
Жұмбақ сұрақ
25 - 30 °С
2000 - 3000мм
10000мм
1га
50 - 60м
300м
2м
10м
2 - 3ай
5 - 6ай
Сабақты қорытындылап, бағалау.
Үйге тапсырма. Экваторлық және субэкваторлық белдеулер оқып келу.