Әнұранның музыкасын жазған кім

Скачать

Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: О. Бодықов. Аққұс туралы аңыз.

Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: әңгіме мазмұнымен таныстыру; Ш. Қалдаяқов өмірі, шығармашылығы туралы мағлұмат беру;
ә) тәрбиелік: ән құдіретін сезіне білуге, елжандылыққа тәрбиелеу, өнер адамдарын құрмет тұтуға тәрбиелеу;
б) дамытушылық: шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
Көрнекілігі: Ш. Қалдаяқов деректі фильм, әндер жинағы, плакат, слайд, маркерлер, баян (музыкалық аспап).
Типі: жаңа сабақ
Әдіс тәсілдері: сұрақ-жауап, сахналау, топпен жұмыс, тест
Пәнаралық байланыс: музыка, тарих
Өтілетін орны: мультимедиа кабинеті

Пайдаланылған әдебиеттер:
1) О. Бодықов Шәмші Қалдаяқов Хикаяттар;
2) Егеменді Қазақстан газеті 2006 жыл №7, 8;
3) Кызылординские вести газеті 2006 жыл №8;
4) М. Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті , Алматы, 1974 жыл, 141 бет
Сабақтың өтілу барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
(Оқушыларды алдын-ала топқа бөліп, топ жетекшілерін сайлау)
1. Әнұран орындау
ІІ. Жаңа сабақ
1.- Оқушылар! Бүгінгі сабағымызды әнұранмен бастап отырмыз.
Әнұраным – жан ұраным,
Айтар әнім мақтан етіп,- дегендей осы әнұран авторлары кімдер? Олар туралы не білеміз?
- Сөзі Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі
- Әні Шәмші Қалдаяқовтікі
Бұл әнұран алғаш рет 2006 жылы президентіміз Н. Назарбаевты ұлықтау рәсімінде орындалды.
- Ендеше бүгінгі сабағымызда Ш. Қалдаяқов өмірімен танысамыз. Ш. Қалдаяқов туралы кім не біледі?
Алдын ала дайындалған оқушы Ш. Қалдаяқов өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметпен деректі фильмге сүйене отырып таныстырып өтеді.

2. Жазушы Оразбек Бодықов Шәмші аталарыңның ең сенімді де сырлас досы. Бүгінгі сабағымызда Шәмшімен болған қызықты бір күндер естелігінен Аққұс туралы аңыз әңгімесімен танысамыз. (Тақтаға күн, ай реті, әңгіме авторы мен тақырыбы жазылады.) Кесте №1
Алдын ала дайындалған оқушы Оразбек Бодықов өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметпен таныстырып өтеді. Кесте №2
3. Аңыз дегеніміз не?
Алдын ала дайындалған оқушы таныстырып өтеді. Кесте №3
4. Мәтінмен жұмыс
4. 1. Мәтіннің 1 бөлігін сахналық көрініс түрінде көрсету.
4. 2. Мәтіннің қалған бөлігін 3 топқа бөліп беру. Өздері оқып, өзара талдап, мазмұнын айтады.
5. Талдау
5. 1. Л. Бетховен мен Б. Байқадамов туралы мәлімет беру. Кесте №4
5. 2. Оқулықта берілген сұрақтарды пайдаланып, әңгіме мазмұнын ашу
6. Сергіту сәті
Күй тартамыз күмбірлі, күмбірлі,
Ән айтамыз көңілді, көңілді.
Би билейміз ырғақты, ырғақты,
Біз бастаймыз сабақты, сабақты. Кесте №5
Б. Байқадамовтың Айгөлек әнінің 1 шумағын айту
7. Кесте толтыру
Мәтіндегі көркем сөз айшықтарын кесте толтыру арқылы анықтау. (Плакаттар беріліп, түсіндіріледі. Оқушылар орындап болғанша Құстар базары музыкасы қойылады.)
1 топ
Аққұс әнінің құдіретінің табиғатқа, адамға әсері
тау мүлгиді тауға ағылып
көл тынады ұшуын апталап, айлап
аспан егіледі күтіп жатады Кесте №6

Мол жиналған шақта махаббат жайлы шерлі де,
қуанышты ән шырқайды. Қайғылы жүректің шерін
басып, сөнуге айналған үмітке от жағады.
2 топ
Табиғаттың ән құдіретіне табынуы
Жел Тау Өзен Ағаш Жарық дүние
Сарнаған жел тына қалады Қаратаудың көкірегі қарс айрылып, аһ ұрады Ағысын тоқтатады Жапырағын жайып, қайғыға оранады Бар дүниені түн басады
3 топ
Қарақұстың аққұс әнін тыңдағанға дейінгі тыңдағаннан кейінгі жай - күйі
Іші өте тар. Көзін жоюға бел байлайды, Жан - жағына қараса өзі де егіліп
шап беріп ұстай алып, қанды тырнағы - еңкілдеп жылап отыр екен.- Енді
мен бүріп өлтіруге айналады тырнағыма ілінбе. Сен азатсың!
Бар ұш! Көрсем ән айтқызбай өлтіруге ант етемін.

8. Бекіту
8. 1. 1, 2 топтарға тест тапсырмасы беріледі. Тапсырмалар компьютерде орындалады.
1 топ
1. Аққұс туралы аңыз әңгіме - естелігінің авторы кім?
А) О. Бодықов
ә) М. Сәрсеке
б) М. Әуезов
2. Шәмші Қалдаяқов кім?
К) ақын
Қ) композитор
Л) ғалым
3. Шәмші Аққұс туралы аңызды кімнен естіген?
К) әкесінен
қ) анасынан
л) досынан
4. Неміс композиторы кім?
У) Чайковский
Ү) А. Жұбанов
Ұ) Л. Бетховен
5. Аққұс әнінің қарақұсқа әсері қандай?
С) мінезі өзгерді
Т) мінезі өзгермейді
Кілті 1 2 3 4 5
------А қ қ ұ с
2 топ
1. Әнұранның музыкасын жазған кім?
Ч) Н. Тілендиев
Ш) Ш. Қалдаяқов
Щ) Б. Байқадамов
2. Әнші құсты тап:
А) аққу
Ә) бұлбұл
Б) көгершін
3. Қазақ хорының негізін салушылардың бірін ата
М) Б. Байқадамов
Н) Жаяу Мұса
О) Әміре Қашаубаев
4. Аққұстың әніне табиғат қайтті?
Ш) табынды
Щ) әлсіреді
5. Ш. Қалдаяқов туралы әңгіме жазған кім?
Ь) М. Сәрсеке
Ы) М. Әуезов
І) О. Бодықов
Кілті 1 2 3 4 5
------Ш ә м ш і
3 топ
3 топқа Әңгіме кестесін құру беріледі.
Әңгіме кестесі
Тақырыбы: Аққұс туралы аңыз
Авторы: Оразбек Бодықов
Кейіпкерлері: автор, Шәмші, Аққұс, Қарақұс
Несімен ұнады? Ән құдіретінің күштілігі – табиғат пен адамды бірде қуантып, бірде мұңайтып, армандарға жетелегені
Айтылған ой: өнерді бағалай білу

ІІІ. Бағалау
Сабақта жақсы жауап берген оқушыларға және келген қонақтарға Ш. Қалдаяқовтың әндер жинағы тарту етіледі.
IV. Үйге тапсырма: әңгіменің мазмұнын айту, Ш. Қалдаяқовтың 1 әнін жаттап келу
V. Қорытындылау Сыр Сұлуы әнін айту
- Халқымыздың заңғар жазушысы Ғабит Мүсірепов қазақ өнері туралы Қазақ өнерін білгісі келгендер Қалдаяқовтың әндерін зерттеулері керек деген екен. Ш. Қалдаяқовтың Сыр Сұлуы әнінің шығу тарихына көңіл бөлейік. Біздің қаламыздағы қазіргі Қорқыт ата атындағы университетінде 1960 жылдары Сыр Сұлуы ән - би ансамблі құрылады. Бұл ансамбль көптеген шет елдерде өз өнерлерімен таныс болады. Сол уақытта тапсырыспен Шәмші атамызға 1 ән жазуды өтінеді. Сөзін жергілікті ақын Зейнолла Шүкіров, әнін Шәмші атамыз жазады. Алғаш рет үлкен сахнаға Ришад Абдуллин деген әнші ағамыз орындайды. Бұл ән тек Сыр бойында ғана емес, Қазақстанның кез келген бұрышында сүйіп шырқалатын әнге айналды. Әр адамның көкірегінде ән айтқызатын бір - бір Аққұсы бар дейді. Ендеше сабағымызды осы әнмен аяқталық.


Скачать


zharar.kz