Эритроциттердің құрылысы

Скачать

Қан (гр. haemo; лат. sanguis — қан) — организмдегі ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің клеткаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан организмнің инфекциядан қорғаныш реакциясын қамтамасыз етеді.

Қан жасушалары. Қан жасушаларына — эритроциттер (қанның қызыл түсті жасушалары), лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары) және тромбоциттер (қан пластинкалары) жатады Қызыл денешіктер — эритроциттер, ағы — лейкоциттер. Жасушалар арасында тромбоциттер бар. Эритроциттердің құрылысы. Эритроциттер (грекше еrythros — қызыл) қанның қызыл түсті ядросыз жасушалары. Жаңадан түзілген эритроциттерде ядро байқалады да, кейіннен жойылып кетеді. Қанның басқа жасушаларына қарағанда салмақтырақ болғандықтан, ыдыстың ең түбіне тұнады.

Эритроциттердің пішіні — ортасы қысыңқы табақша тәрізді, жиегі қалың, ортасы жұқарған тиынға ұқсайды. Пішінінің мұндай болуы олардың беткі көлемін үлкейтеді. Эритроциттер өздігінен қозғалмайды, тек қан сұйықтығының ағынымен жылжиды. Адам эритроциттерінің диаметрі 7, 5 мкм, қалыңдығы 1 - 2 мкм. Қанның 1 мм3 - де — шамамен 4, 5 - 5 млн, жаңа туған нәрестенің 1 мм2 қанында 6 - 7 млн эритроцит бар.
3 айдан соң оның мөлшері азайып, қалыпты мөлшерге (5 млн) келеді. Эритроциттердің қызыл түсі гемоглобинге (грекше гема — қан) құрамында темір бар нәруызды қызыл пигментке байланысты. Оттекпен қосылған гемоглобинді оқ - сигемоглобин дейді. Оксигемоглобинмен қаныққан қан — алқызыл түсті артерия қаны, көмірқышқыл газымен қаныққан қан күңгірт қызыл түсті вена қаны. Молекулаларының осы қасиеті гемоглобин оттекті өкпеден дененің барлық ұлпаларына жеткізіп қана қоймай, көмірқышқыл газын ұлпадан өкпеге жеткізетінін анықтайды.


Скачать


zharar.kz