ШҚО, Аягөз ауданы
"Горный ЖББОМ" КММ
математика - информатика пәні мұғалімі
Жагипарова Арай Бакытовна
Мақсаты: Оқушылардың білімнің өмірлік маңызын түсінуін қалыптастыру, пәнге деген ынтасын арттыру.
Жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Топтардың өздерін таныстыруы, ұраны, төсбелгісі.
2. І тур. Сергіту сәті
3. ІІ тур. Ал, қане, тауып көр!
4. ІІІ тур. Тест
5. ІҮ тур. Жұмбақтар шешу
6. Ү тур. Терезе элементтері
7. ҮІ тур. Шатасқан әріптер
8. ҮІІ тур. Капитандар сайысы
9. ҮІІІ тур Үй тапсырмасы
Барысы:
І тур. Сергіту сәті
1 минутта информатикаға байланысты сөздер жазу.
ІІ тур. Ал, қане, тауып көр!
Әр топқа 5 сұрақтан қойылады.
1. Диаметрі 3, 5 дюйм, сыйымдылығы 1, 44 Мб болатын ақпарат тасушы. А) фотопленка В) дискет* С) қағаз Д) қатқыл диск
2. Компьютер тілінде адамды қалай атаймыз? А) қолданушы* В) клиент С) ем қабылдаушы Д) тапсырыс беруші
3. Мына шамалардың қайсысы информатикамен байланысты? А) киловатт В) килобайт* С) килобар Д) киловольт
4. Объектілер қоймасы: А) қапшық* В) телефон С) файл Д) радиобайланыс
5. Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ: А) қапшық В) терезе* С) себет Д) қойма
6. Өлшем бірліктерді өсу ретімен орналастыр: А) байт В) бит С) МБайт Д) КБайт (ВАДС)
7. Логарифм сызғышын кім ойлап тапты? А) Б. Паскаль В) Лейбниц С) Робертсон* Д) Холлерит
8. Гректер есептеу құралын не деп атады? А) абак* В) серобян С) суан - пан Д) калькулятор
9. Калькуляторды ең алғаш кімдер жасады? А) Паскаль В) Чебышев, Однер* С) Бэббидж Д) Холлерит
10. Енгізу құрылғысы: А) тышқан* В) монитор С) жүйелік қорап Д) принтер
11. Шығару құрылғысы: А) джойстик В) сканер С) принтер* Д) қағаз
12. Компьютердің ең басты бөлігі: А) тышқан В) монитор С) жүйелік қорап* Д) сканер
13. Мына программалардың қайсысы мәтінмен жұмыс жасайды? А) PowerPoint B) Word* C) Excel D) Access
14. Компьютерді қайсы бактериялар бүлдіруі мүмкін? А) бацилл В) микроб С) вирус* Д) паразит
15. Адам мен компьютер арасындағы қарым - қатынас: А) әңгіме В) пернетақта С) интерфейс* Д) жүйе
ІІІ тур. Тест Әр топқа екіден тапсырма беріледі.
1. Аталған байттар тізбегі: А) қапшық В) объект С) файл*
2. Компьютердің ақыл - ойы: А) монитор В) пернетақта С) процессор*
3. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші сыртқы құрылғы: А) интерфейс В) принтер С) сканер*
4. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі: А) байт В) бит* С) МБайт
5. Өшірілген файлдар қай қапшықта сақталады? А) менің құжаттарым В) менің компьютерім Д) себет*
6. Вирусқа қарсы программа: А) антишпион В) антивирус* С) антигрипп
ІҮ тур. Жұмбақтар шешу
1 - жұмбақ
Екі батырмалы,
Бір бұрандалы.
Жалғыз өзі - ақ,
Сансыз іс тындырады. (Тышқан)
2 - жұмбақ
Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан. (Компьютер)
3 - жұмбақ
Монитор жанында бір қорап,
Тұр өне бойын тоқ орап.
Ең негізгі микросхема,
Аталған ол... (жүйелік қорап)
4 - жұмбақ
Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қағаз - қаламсыз. (Пернетақта)
5 - жұмбақ
Төртбұрышты жұқа қорап,
Магнитпен қапталған.
Сыйымдылығы 1, 44 МБайт,
Сақтайды ол ақпарат (дискета)
6 - жұмбақ
Бар құрылғы әркім білмес,
Ғаламтормен байланыстырар.
Телефонға жалғанып ап,
Ақпаратпен алмастырар (модем)
7 - жұмбақ
Компьютердің құрамдас бөлігі,
Қағазға басып береді. (принтер)
8 - жұмбақ
Батырмасын тұтқасына орнатса да,
Жан - жағына емін - еркін қозғалатын.
Бар сондай ойын құмар құрылғысы,
Экрандағы нысандарды басқаратын. (джойстик)
9 - жұмбақ
Компьютердің қосымша бөліктері,
Ай мен күндей егіздер.
Сыбырлап та, айқайлап,
Көңіл - күйді көтерер. (колонкалар)
Ү тур. Терезе элементтері 6 - тапсырма слайд арқылы көрсетіледі.
ҮІ тур. Шатасқан әріптер Информатикаға байланысты сөздерді құрастыр.
1. ТРАПҚАА - АҚПАРАТ
2. ПЮТЬМОКЕР - КОМПЬЮТЕР
3. РИНПЕРТ - ПРИНТЕР
4. ОТИРМОН - МОНИТОР
5. АКЕСРН - СКАНЕР
6. ТАБАҢАШ – ТАҢБАША
ҮІІ тур. Капитандар сайысы
ASCII кодымен кодталған сөзді кері кодтау керек.
1) 84А8Е1ААА5Е2
2) 4344А4А8Е1АА
3) 94АВА5Е8ААА0
ҮІІІ тур Үй тапсырмасы
Paint - та Менің досым – Компьютер! тақырыбындағы суреттерін көрсетеді.
Әділқазыларға сөз. Марапаттау рәсімі.