Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Сенсорика тәрбиесі
Тақырыбы: Қуыршақтардың киімдерінің түстері
Мақсаты: Қуыршақтың киімдерінің түстері туралы түсінік беру.
Міндеттері:
1. Төрт (қызыл, сары, көк, жасыл) түстер туралы білімдерін кеңейту;
2. Заттарды түсіне қарай келтіруді үйрету;
3. Сөздік қорын толықтыру;
4. Шыдамдылық, еске сақтау мен мұқият тыңдауға тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: жарты топ
Сабақ барысы:
Шаттық шеңберде:
Сәлем деймін күнге мен!
Сәлем деймін саған мен!
Сәлем деймін апайға,
Қонақтарға, баршаға!
Сәлем! Сәлем! Сәлем!
- Балалар жайғасып отырайық. Меніңше біреу есік қағып тұр. Кәне көрейік.
Топқа аю келеді.
- Балалар амандасайық аюмен.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар
Қараңдаршы аю қандай үлкен!
Балалар аю қандай?
Аю бізге немен келді?
Кәне, аю отырсын, ал біз не бар екенін көрейік.
Бір баланы шақырып қапшықтан қызыл көйлекті қуыршақты алады.
- Бұл не?
- Бұл қуыршақтың көйлегінің түсі қандай?
- Ал қуыршақтың шашының түсі қандай?
- Қуыршақты іліп қояйық.
- Келесі, бұл не?
- Көйлегінің түсі қандай?
- Ал, шашының түсі қандай?
- Көк түсті қуыршақты да іліп қояйық.
- Бұл не? Көйлегінің түсі қандай?
- Етігінің түсі қандай?
- Дұрыс, жарайсыңдар.
- Енді тағы не қалды?
Оның көйлегінің түсі қандай?
- Шашының түсі қандай?
- Жарайсыңдар!
- Қараңдаршы қандай әдемі, әсем біздің қуыршақтар.
Түстерің қайталайық.
Сергіту:
Алма, алма көп алма.
Қызыл, жасыл, сары алма.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
- Әр қуыршақтың өз ойыншықтары бар. Бірақ олар шатасып кетті. Оларды табуға көмектесеміз бе?
Үстелде қызыл, көк ойыншықтар қорапшада жатыр. Ойыншықтарды түстері сәйкес келетін шеңберлерге салу қажет. (денеш блок).
Қызыл түсті ойыншықтарды қызыл шеңберге, көк түсті ойыншықтарды көк шеңберге қоямыз.
Қорытынды:
Міне балалар, біз сендермен қандай үлкен жұмыс жасадық. Балалар тапсырмаларды дұрыс орындаған үшін аю өте риза болды.
- Мына қуыршақтарды сендерге сыйлыққа қалдырамын және осы қапшықтағы чупа-чупстерді де сыйлаймын.
- Ал балалар, аюға рахмет айтып, қоштасайық.
- Сау болыңдар!
Балаларды мадақтау, сыйлық тарату.
Қонақтармен қоштасу.