Сабақтың тақырыбы: Алюминий және оның қосылыстары
Сабақтың мақсаты:
Екідайлы элементтер жайлы білімді сатылай кешенді талдай отырып дамыту. Алюминиийді мысалға ала отырып жай зат ретіндегі қасиеттерін,қосылыстары олардың қолданылуы туралы мәлімет алу.
Сабақтың міндеті: 1.Екідайлы элементтер табиғатын оқып-үйрену
2. Алюминиий оның қосылыстарымен танысу
3.Тірек-сызбаны есеп шығаруда қолдана білу
Сабақтың әдісі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сатылай кешенді талдау технологиясы
Көрнекілігі: Периодтық кесте, қымбат, бағалы тастар (жинақ), тау жыныстары(жинақ),
Al сымды қыздыру(44 сурет). Алюминий (жинақ), Al қолдану (45 сурет)
Сабақтың жүру барысы:
Болмаса да айтарлықтай салмағым
Көп металдан ардақтымын алдамын
Ұшақ болып аспанға ұшып, қалықтап,
Жердің жүзін, көк аспанды шарладым.
Дюралюмин дейтін менің қоспамды,
Әспеттейді химияның достары
Тұрмыста үстел, ыдыс-аяқ кереует,
Бағандардың бұйдаларын қостым мен
Қағаз да мен кәмпит,шайды сәндеген
Токқа балқып келіп тұрған ән де мен
Өлең жолдарына талдау жасап, мысалдар келтіру арқылы шешуін табу.