Дененің сыртында паразитті жолмен тіршілік ететін жәндіктер

Скачать

Жалпақ құрттар типі
Жалпақ құрттар - екі жақты симметриялы, үш қабатты көпжасушалы жәндіктер. Денесін тері - бұлшықетті қапшық қаптайды. Құрттарды зерттейтін ғылым - гельминтология гр. “гелминс”- құрт, ішекқұрт “логос”- ілім

Сиыр цепенінің құрылысы
Ересек цепен - адамның ішегінде, дернәсілі мүйізді ірі қараның денесінде дамиды. Бұл жәндіктер ішекке қармақшасымен және сорғыштарымен жабысып алады. Денесінің алдыңғы бөлігінде қысқа мойынды басы болады. Басында төрт дөңгелек сорғыштары бар. Денесінің сыртын сірқабық қаптайды. Оның көзі, асқорыту, тыныс алу және қан айналым жүйесі болмайды. Зәр шығару жүйесі денесінің ең соңғы бунақтарында екі өзекпен қосылып сыртқа ашылатын зәр шығару түтіктерінен құрлады. Сиыр цепенінің тіршілік әрекеті өте күрделі Ол денесінде жұмыртқадан дернәсілдің екі түріне ауысады. біріншісі қармақшалы дернәсіл және финна Ересек таспа құрттың негізгі иесі – адам денесінде өмір сүреді.

Сабақтың тақырыбы: Сиыр цепені – жалпақ таспа құрттардың өкілі
Топтық жұмыс
І топ – Сиыр цепенінің құрылысы
ІІ топ – Сиыр цепенінің тіршілік айналымы
ІІІ топ – Сиыр цепені туғызатын аурулар және олардың алдын алу

Кеңейтілген тапсырма
1. Берілген терминдердің анықтамаларын сәйкестендіріңіз
1. Гельминтология ----------- А) Дененің сыртында паразитті жолмен тіршілік ететін жәндіктер
2. Эндопаразиттер ----------- Б) Дененің ішегінде паразитті жолмен тіршілік ететін жәндіктер
3. Эктопаразиттер ------------- В) Паразит құрттарды зерттейтін ғылым

РЕФЛЕКСИЯ

Гульназ Нагашибаева


Скачать


zharar.kz