Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
Жалғыз баласы атқа шапса,
Атасы ауылда тұрып
Тақымын қысады.
Ата - ана балаға сөйлеуді үйретеді, бала ата - анаға аузын жабуды үйретеді.
Ана жақсылығын,
Ауырсаң білерсің.
Қайын жақсылығын,
Қыдырсаң білерсің.
Баланың өзі болғандай,
Келіннің өзі келгендей.
Баланың бас ұстазы — ата - ана.
Ата - ананың сөзі —
Айдын жолдың өзі.
Ақылдының сөзі —
Ақ дарияның өзі.
Бала жетесіз болса,
Ата - анасын жерге қаратады.
Бала жетелі болса,
Ата - анасын елге қаратады.
Қала — халқының салтанаты,
Бала — ата - ананың қолқанаты.
Ата - ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің;
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.
Мейірімі мол ананың —
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы, жолы кең.
Ғашық жардың белгісі - ата - анадан бездірер,
Қыран құстың белгісі - таудан тасқа кездірер.
Бала өсірген ата - ана
Бала болып ойнайды.
Бала оқытқан ұстаздар
Бала болып ойлайды.
Ата - анам бар болсын,
Ауыз - мұрны тар болсын.
Әдепті бала ата - анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.
Ата – анадан жар жақын.
Ата - ананың қадірін балалы болғанда білерсің.