Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы

Скачать

Қарағанды қаласы,
№6 жалпы білім беретін орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі Тәжит Манат Жанатқызы

Тақырыбы: Барлық әлем мен үшін
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу, оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: White Board интерактивті тақтасы, ҚР Конституциясы кітапшасы, Бала құқықтары туралы Конвенция, Бала құқығын қорғау туралы тұжырымдама, халыққа құқықтық көмек Бала құқығы жадынамасы.

Кіріспе.
Оқушылар БҰҰ-ның Бала құқығы туралы Конвенцияның қабылданғанына 23 жыл, біздің елбасымыздың сол Конвенцияға қол қойып, қабылданғанына 17 жыл толды.
Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш. Монтескье, И. Кант, Т. Джефферсон сияқты ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш рет анықтап, белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаевта адам құқықтарымен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды. Ал Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын Заң бар ма?

- 1989 жылдың 20 қарашасында Бала құқықтары туралы Конвенция БҰ ұйымында қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Бала құқығы туралы Конвенцияға қол қойды. Балалардың өмір сүруін, қорғауын және дамытуын қамтамасыз ету бойынша Дүниежүзілік Декларациясында әлемнің балалары жазықсыз, осал және тәуелді деп бекітілген. Халықаралық және ұлттық деңгейлерде 1989 жылы 20 қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы Балалардың құқықтары туралы Конвенциясында бекітілген балалардың мүдделері мен құқықтарын сақтайтын басты құжат. Қазіргі уақытта 20 қараша күні бүкіл әлем Дүниежүзілік бала күні, оның құқықтарын қорғау күні деп атап өтеді.

Осы бағыттағы біздің еліміздің жетістіктері даусыз:1994жылы Балалар құқығы Конвенциясы бекітілді, 2002 жылы Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы атты ҚР Заңдық ережесінің әрекеті 2002 жылы күшіне енді, 2006 жылдан бастап балалардың құқықтарын қорғау комитеті және аймақтық бөлімшелер жұмыс жасады, 2009-2012 жылдарға арналған ҚР адамдардың құқықтары аймағында ұлттық жоспар әрекеті өңделді. Тәуелсіздіктің 20 жылдығын қарсы алуда, адамның құқығын іске асырудағы бағытының күші, яғни біздің мемлекетімізді дүниежүзілік бірлестікке қабылдаудағы жетістіктің дәлелі.

Балалардың өмір сүруін, қорғауын және дамытуын қамтамасыз ету бойынша Дүниежүзілік Декларациясында әлемнің балалары жазықсыз, осал және тәуелді деп бекітілген. Халықаралық және ұлттық деңгейлерде 1989 жылы 20 қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы Балалардың құқықтары туралы Конвенциясында бекітілген балалардың мүдделері мен құқықтарын сақтайтын басты құжат. Қазіргі уақытта 20 қараша күні бүкіл әлем Дүниежүзілік бала күні, оның құқықтарын қорғау күні деп атап өтеді.

Осы бағыттағы біздің еліміздің жетістіктері даусыз:1994жылы Балалар құқығы Конвенциясы бекітілді, 2002 жылы Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы атты ҚР Заңдық ережесінің әрекеті 2002 жылы күшіне енді, 2006 жылдан бастап балалардың құқықтарын қорғау комитеті және аймақтық бөлімшелер жұмыс жасады, 2009-2012 жылдарға арналған ҚР адамдардың құқықтары аймағында ұлттық жоспар әрекеті өңделді. Тәуелсіздіктің 20 жылдығын қарсы алуда, адамның құқығын іске асырудағы бағытының күші, яғни біздің мемлекетімізді дүниежүзілік бірлестікке қабылдаудағы жетістіктің дәлелі.

Рефлексия. Улыбка әуені орындалып тұрады.
Оқушылар дөңгелектеп тұрып, барлығы келесі шумақты хормен
айтады: Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Біліп жүрейік!
1-маусым – халықаралық балаларды қорғау күні
20-қараша – дүниежүзілік балалар күні
10-желтоқсан – адам құқығы күні
10.12.1948ж – адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады
1959ж – әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды
1979ж – халықаралық балалар жылы өтті
20.11.1989ж - БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды
28.01.1993ж - ҚР-ның тұнғыш Конституциясы қабылданды.
8.06.1994ж – Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті
30.08.1995ж - ҚР-ның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда баяндалып, екінші рет қабылданды
А. Еңсеповтің Детство әуені ойнап тұрады.

Мазмұны:
БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясы – әрқайсысы белгілі бір құқықты сипаттайтын 54 баптан тұратын бала құқықтары туралы құжат. Конвенция бала ретінде 18 жасқа толмаған тұлғаны санайды, егер ел заңдары бойынша кәмелетке толу жасы осыдан кіші бекітілмесе.
Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады.

Конвенцияға қатысушы мемлекеттер ересектерді де, балаларды да Конвенцияның ұстанымдары мен ережелері туралы кең ақпарат беруге міндетті. Конвенцияның ережелерін бақылаудың халықаралық механизмі бар, ол Бала құқықтары жөніндегі Комитет.

Қазіргі уақытта елдердің көпшілігі Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті (АҚШ пен Сомалиден басқасы). Қазақстан Республикасы осы Конвенцияны 1994 жылдың 8-ші маусымында бекіткен. Конвенцияның 44 бабына сәйкес, оған қол қойған елдер заңдары мен мемлекеттік саясаттарын Конвенцияға сәйкес келтіруге бағытталған шараларды қолдану туралы БҰҰ-на есеп беру тиіс.
Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан
1. Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді;
2. Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;
3. Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы;
4. Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата-анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;
5. Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;
6. Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;
7. Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;
8. Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;
9. Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;
10. Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.
Қорытынды.


Скачать


zharar.kz