Бүгін сендер жақсы жұмыс істедіңдер, керемет тас магнитпен таныстыңдар

Скачать

1Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: Сиқырлы магнит
Мақсаты: Магниттердің қасиетімен танысу барысында балалардың танымдық қабілеттерін дамыту
Білімділік мәні: Магнит және оның қасиеті туралы ұғыммен танысу
Дамытушылық мәні: Практикалық тәжірибе барысында жалпы шолу, қорытынды жасау және білімді меңгере алу қабілетін қалыптастыру
Тәрбиелік - мәні: Бір - біріне өзара көмектесу, бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу
Көрнекіліктер: Қолғап ішінде магнитімен, темір және пластмасса қасықтар, магниттер, темір үгінділері, пластмасса түймелер, түйреуіш, су құйылған ыдыс балықтарымен және темір заттармен
Әр балаға темір, пластмасса, ағаш, магнит, қарындаш
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылсын
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал кәнекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге!
Сәлеметсіздер ме апайлар!
- Балалар! Мен дүкеннен қолғап сатып алдым жәй қолғап емес, сиқырлы қолғап. Қолғап пен бірге қорапта әртүрлі заттар жатыр екен?
Ал қолғаптың сиқырлы екенін қалай білуге болады екен?

- Қолғапты киіп қораптың ішінен заттарды шығарайық. Не байқадыңдар? Кейбір заттар қолғапқа жабысып қалады.
- Неге? Қолғаптың ішінде бір нәрсе бар, көрейік не бар екенін
Қолғаптың ішінде мынадай тас шықты. Бұл магнит - темір заттарды өзіне тартып алатын және темірге жабысатын қасиеті бар.
- Бұл тас қайдан шықты? Магнус деген қойшы, қой бағып жүріп қолындағы таяғының басы үшкір темір екен, тасқа жабысқан соң ол бірнеше тасты алып келіп көршілерін таң қалдырған екен. Содан кейін магнит деп атай бастаған.
Сендердің әрбіреуіңде әртүрлі пішінді және көлемді магниттер бар. Оларды қолдарыңа алып, не сезетіндеріңді айтыңдаршы?
- Суық, қатты, темір, ауыр
- Балалар магнит барлық заттарды тарта ала ма екен?
Біз енді осыны тексеріп тәжірибе өткізейік
Тәжірибе:
Үстел бетінде әртүрлі заттар жатыр, жұмсақ ойыншық, ағаш қарындаш, пластмасса түймелер, темір заттар, түйреуіш, шеге, қасық темір, кішкентай магнит
Магнитті әр затқа кезек - кезек жақындатамыз. Әр бала өзіне ұнаған затты таңдап, оны магнитпен тексереді. Магнитке тартылатын заттарды бір тақтайға, тартылмайтын заттарды бір тақтайға саламыз.
Қорытынды: кейбір темір заттар магнитке тартылады, ал темір емес заттарға магнит өрісі әсер етпейді. Бұларға: ағаш, пластмасса, мата, және т. б. осы заттарды атап шығып, олар неден жасалғанын айтамыз.
- Магниттің ғажайып қасиетін әрі қарай зерттейміз.
Тәжірибе: Балық аулау
Сендер көріп тұрғандай, алдымызда су құйылған ыдыста кішкентай балықтар жүзіп жүр. Қазір біз оларды аулаймыз. Магнитті банкіде жүзіп жүрген балықтарға жақындатамыз
Балық қозғалғанда магнитті ыдыстың сыртынан ақырын жоғары жүргіземіз. Балық магнитпен бірге су бетіне дейін жылжиды, осы әдіспен барлық балықтарды аулаймыз.
Қорытынды: Магнит шынының сыртынан суға әсер етеді.
Тәжірибе: ойыны Жарыс Көбелек
Келесі тәжірибе үшін бізге көлікке арналған жол бар кішкентай темір көліктер және магниттер.
Көліктерді жол бойына қойып, ағаштың астына магнитті орнатып трасса бойымен жылжытамыз. Келесі тәжірибе үшін бізге гүлдердің суреті бар қағаз және төменгі жағынан скрепка қыстырылған, қағаздан жасалған көбелек. Көбелекті қағаз бетіне қоямыз. Оны бір гүлден екінші гүлге ұшып баратындай жылжытамыз.
Бірінші топ қағазбен жұмыс жасайды, келесі топ ағаш үстімен машиналарды трасса бойымен жүргізіп жұмыс жасайды.
Балалар тәжірибе аяқталған соң өздері қорытынды жасайды. Дәл осылай су құйылған пластмасса ыдыста қайықты жүргіземіз.
Қорытынды: Магнит, картон, қағаз, пластмасса арқылы әсер ете алады.
Тәжірибе:
Ал енді тағы бір қызық тәжірибе өткізейік
Магниттің көмегімен сурет салуға болады екен. Мына пластмасса ыдыста темір дің майда үгінділері салынған, оны магниттің үстінен жүргіземіз.
Қорытынды: Темір үгінділері магниттің формасын пластмасса сыртынан дәлме - дәл қайталайды. Менің сендерге бір ұсынысым бар, магниттің көмегімен қайырымды іс жасайық:
Мына шкатулкада іс тігетін заттар араласып жатыр. Ал мына ыдыста манканің ішіне скрепкалар түсіп кеткен.
Қалай тез манканы тазалап және темір заттарды пластмасса заттардан бөлек жинап аламыз?
Өте жақсы балалар.
Бүгін сендер жақсы жұмыс істедіңдер, керемет тас магнитпен таныстыңдар. Балалар, жан - жақтарыңа қарап, біздің топта қай жерде магнит барын айтыңдаршы.
- Суреттерді ұстап тұратын магниттер
Сендердің ойларыңша мангит тағы қай жерде қолданылады?
- Үйде: наушникте, телефон тұтқасында, әшекей бұйымдарда
Өнеркәсіпте: автакөліктерде, желдеткіштерде, жүк көтеру үшін және т. б.
Адам өмірінде үлкен рөл атқарады екен. Бүгінгі сабақ сендердің естеріңде қалу үшін, мен сендерге балаларға арналған кішкентай магниттерді сыйға тартқым келіп тұр. Сендер олармен ойнай аласыңдар. Егер өздерің тәжірибе жасағыларың келсе сендер әр кез біздің зертханамызды пайдалана аласыңдар. Сендер онда көптеген әр түрлі магниттер таба аласыңдар.
Тәрбиеші балаларға магнит сыйлайды


Скачать


zharar.kz