1 - мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні
Тақырыбы: Достығымыз жарасқан
Мақсаты: Балаларға 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту. Мерекелік көңіл күйлерін көтеріп, өздеріне ұнайтын шар, жалаушаның суретін салдыру. Ойын арқылы әр ұлттың киімдерін ажырата білуге үйрету.
Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, ән айту.
Көрнекілігі: Әр ұлт өкілдерінің суреттері, ДVД, теледидар, сурет салу құралдары.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі.
- Дұрыс айтасыңдар, қазір көктем мезгілі, көктем мезгілінде біз қандай мерекелерді тойладық, қане есімізге түсірейікші.
- 8 наурыз аналар мерекесі, 22 наурыз, наурыз мерекесі.
Жарайсыңдар, сендер жақсы біледі екенсіңдер, естеріңе жақсы сақтап қалыпсыңдар. Осы көктем мезгілінің соңғы мамыр айында тойланатын тағы бір мереке бар екен. Ол мереке 1 мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні мерекесі.
- Балалар біздің ұлтымыз қандай?
- Қазақ
- Біз қай тілде сөйлесеміз?
- Қазақ тілінде.
Қазақстан халқының өзінің қазақ тілі, ұлттық киіміміз, салт – дәстүріміз бар. Сол сияқты біздің Қазақстанда басқада ұлттар тұрады. Өзбек, орыс, қырғыз, татар және тағы басқа да ұлт өкілдері тұрады.
Сырттан есіктің қағылған дауысы естілді ----
- Почтален есік қағып тұр екен
- Почташы бізге хат алып келген екен, кімнен келгенін оқып берейін сендерге.
- бұл хатты бізге Қарағанды қаласының тұрғыны Фатима деген досымыз жазыпты. Ол бізге достық хатын жолдапты. Менің жасым 4те. Менің ұлтым өзбек, тілім қазақ, менің Отаным Қазақстан. Сендерді балалар - 1мамыр Ұлттар достығы күнімен құттықтаймын. Сендермен дос болғым келеді.
- Балалар болашақта сендер өз Отанымыздың патриоты, ұлтын сүйетін азамат болып өсіңдер.
Тәрбиеші: Бірлік бар жерде бақыт бар
Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды. Отан - біздің туған жеріміз, өзіміздің туған - туысқанымыз, дос - жаранымыз бен тұратын еліміз.
Біздің Отанымыз - Қазақстан.
Қазақстан гимні орындалады.
Республика халқының саны 17 миллионнан астам
Жергілікті ұлт қазақтармен бірге басқа да 130 - дай ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір - бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып, бірлесе еңбек етіп келеді. Сондықтан 1 - мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні болып аталады.
Тәрбиеші: Сурет арқылы әр ұлт өкілдерімен, киімдерімен таныстыру.
Балалар, осы ұлттардың барлығы да Қазақстанда тұрады. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Олар өз елдерінде болмасада, Қазақтардың елін – елім деп, жерін – жерім деп, құрметтеп, үлкен үлгілі, бақытты, өнегелі отбасы болып өмір сүруде. Әлем халықтарының тату – тәтті бейбітшілікте, ынтымақтастықта өмір сүріп отырғаны біздің қазақ елінің арқасы және олар мұны түсініп, жақсы біледі. Сол себепті біздің елімізді қадір тұтып, құрметтейді
- Балалар біз қандай елде тұрамыз?
- Елімізде қандай ұлттар тұрады?
(Қазақстанда тұратын ұлттар суреттерін көрсету)
- Біз олармен қандай қарым - қатынастамыз?
- Дұрыс балалар біздің еліміз көп ұлтты мемлекет қатарына жатады.
Біз қазақ елі олармен әрқашанда достық қарым - қатынастамыз
Олар біздің елімізде тұрса да өз тілдерінде сөйлеуге, салт - дәстүрін сақтауға ерікті. Сонымен бірге олар біздің елімізде туып өскендіктен менің елім Қазақстан деп айта алады.
Жер бетіндегі барлық халықтар да достықта, ынтымақтастықта өмір сүруге тиіс.
.
Балалар сендер достық, бірлік, татулық туралы жаттаған тақпақтарымызды айтып берейік.
Ақбота
Бейбітшілік ұраны,
Жарқыраған алтын күн.
Ән қанатты қыраны
Еркіндігі халқымның.
Жұлдызай
Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата - бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.
Кәусар
Біз балдырған тең басқан!
Дос құшағын кеңге ашқан.
Тілегіміз әділдік!
Ашық болсын кең аспан!
Айсұлтан
Болсын жер мен су да ортақ,
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Айдар
Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәріміз де баламыз.
Бір Отанда тұрамыз, Бір мектепке барамыз.
Ерасыл
Жан біткендей жас тауға,
Шуақ ойнап арайлы.
Күн күлімдеп аспанда,
Мамыр әні тарайды.
Саят
Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бір - бірімен туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр
Асылжан
Мамыр қандай, шіркін - ай, мамыр қандай!
Айнала жасыл кілем жамылғандай.
Алатауым басына ақ шәлі орап,
Мойнына гүлден алқа тағынғандай.
Мамыр қандай, шіркін - ай, құлпырады,
Күй толқып көңіліңе жыр тұнады.
Жыл еркесі гүл мамыр, сұлу мамыр,
Секілді адамзаттың ынтымағы.
,
Аяжан
Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі.
Аяна
Достық – шырағымыз,
Достық – ұранымыз.
Достық туымыз,
Достық әніміз.
- Рахмет балалар осы достығымыздың, бірлігіміздің одан әрі жасай берсін нығая берсін дегіміз келеді. Достығымыздың белгісі ретінде өзбек ұлтының биін сіздерге арнаймыз және де Қарағанды қаласынан бізге хат жолдаған Фатима есімді досымыздың хатына арналған достық жауабымызды осы әсем биімізбен жеткізгіміз келеді. Қабыл алыңыздар.....
- Өзбек биі Самарханның гузәлі Ақбота тобының қыздарының орындауында, қабыл алыңыздар
Балалар ертең 1 мамыр мерекесі күні. Біздің де орталық алаңға үлкен салтанатты шеруге шығып. Әр ұлт өкілдері өздерінің ұлттық киімдерін киіп, өнерлерін көрсетеді.
Балалар, ертең біз мерекеге барғанда қолымызға не ұстап шығуға болады деп ойлайсыңдар?
- Шар, жалауша.
- Дұрыс айтасыңдар, біз мерекеге шар, жалаушалар ұстап шығуымыз керек. - Жалауша қандай пішінге ұқсайды?
- Тіктөртбұрышқа
- Түсі қандай болады?
- Көк болады.
- Ал шар қандай пішінге ұқсайды?
- Домалақ, сопақша.
- Түстері қандай болады?
- Қызыл, көк, жасыл, т. б
Жарайсыңдар балалар, жалаушамыздың түсі көк, пішіні тіктөртбұрышты, ал шарларымыздың түстері әр түрлі, пішіндері домалақ, сопақша болады екен
Мен сендерге қазір осы әдемі шарлар беремін, бұл шарлар жай шарлар емес шарымыздың үстіне достықтың, татулықтың белгісі деп санайтын құс Ақкөгершін құсын шарымызға жапыстырып шарларымызды көк аспанға ұшырсақ балалар.
- Ақкөгершін құсын достық құсы деп санайды халқымыз.
Балалардан бүгінгі өтілген тақырып бойынша сұрақ – жауап арқылы қорытынды жасау.
Жарайсыңдар балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетіне жақсы қатыстыңдар. Бір – біріңе деген достықтарың мәңгі болсын, ата – аналарың аман болсын. Балалар бүгінгі мерекеміз сендерге ұнадыма?
- Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан - дей отырып осы әсем әнімізбен мерекемізді аяқтаймыз
- Ән Дос болайық бәріміз
ЖШС Әнел балабақшасы
Тәрбиеші: Алгиева. К