Бағалауын оқыту

Скачать

Ақтау қаласы,
№28 жалпы білім беру орта мектебі КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Изтурганова А.Ж.

Сабақтың тақырыбы: Сөзжасам. Сөз тұлғасы мен сөз құрамы
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға сөзжасам, сөз тұлғасы мен сөз құрамын меңгерте отырып, сөз жасудың амал - тәсілдерін түсіндіру, ізденгіштігін арттыра отырып, ой - өрісін кеңейту. Ауызша - жазбаша сөйлеу мәдениетін, сауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды ынтымаққа, ізгілікке, адамгершілікке баулу. Өзара сыйластық қасиетке баули отырып, адал болуға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, слайдтар, стикерлер,
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.(Жүрекше стикерлер арқылы топқа бөлу.)
"Жүректен жүрекке"(Өзін таныстыру арқылы жақсы сөз айту) 2 мин
Топ басшысын сайлау. "Ортада қаламсап" Таймкипер сайлау
Мұғалім: Балалар бүгінгі сабағымыз күндегі сабаққа қарағанда ерекше, себебі бізде қонақтар келіп отыр. Ендеше сабағымызды бастаймыз.
Үй тапсырмасын топ басшылары қарап, ең жақсы деген шығарманы оқытады. 30 - 31 - жаттығу. 5 - мин. Бағалау парақшасын тарату.

2. Қызығушылығын ояту.
Оқушыларға суреттер көрсету.(Жол, екі бала (жолдастыққа сөзін айтқызу), Cөйлем қүрастыу) 1 - мин

3. Сәйкестендіру тәсілі (1 - мин.)
Біл - хана
кітап тас
Сынып сап
Қалам ім
Постерге - 6 мин, қорғауға - 4 мин.
1 - топ Сөзжасам
2 - топ Сөз құрамы
3 - топ Сөз тұлғасы
4 - топ Сөздің түрлері
Слайд арқылы қорытындылау.(2 - мин.)
32 - жаттығу. 4 - топқа бірдей тапсырма беріледі. Топ басшысы екі оқушыға екі сөзден оқытады.(4 - мин.) Сөздерді оқып, олардың құрамын ажырат та, ауызша талда.
33 - жаттығу. Мақал - мәтелдердегі қосымшалардың түрлерін ажырату.
4 топқа бір - бір мақалдан беру.(4 - мин.)
1. Ел ағасыз болмас
Тон жағасыз болмас. (аға - түбір, сыз - жұрнақ. бол - түбір, ма - жұрнақ,- с - жұрнақ)
2. Ақылды адам елге қарайды.( ақыл - түбір, ды - жұрнақ, ел - түбір, ге - жалғау, барыс септігі.
Ақылсыз адам өрге қарайды.(
3. Берекелі елдің бетін ешкім қақпайды. (Береке - түбір,- лі - жұрнақ, ел - түбір,- дің - ілік септігі. бет - түбір,- ін - жалғау.)
4. Жолдасын таппаған ер азады. (Жол - түбір,- дас - жұрнақ,- ын - жалғау, тап - түбір,- па - жұрнақ,- ған - жұрнақ. аз - түбір,- а - жұрнақ,- ды - жалғау.)
1 - тапсырма."Саяхат" (5 - мин.)
Ғаламтордан Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесі туралы мәлімет тауып, тапқан мәліметтер негізінде саяхат жетекшісінің сөзін жазып дайындаңдар.
Семантикалық карта

Сергіту сәті.(4 - мин.)
"Блиц (шұғыл) сұрақтар.
"Мұғалім","Аспаз","Мектеп директоры","Оқушы"
4 оқушы шығып осы сөздерді алады. Сұраққа жауап береді.
Топ басшылары бағалап отырады.
3. Кім жылдам? (ойын)
а) бірігу жолымен жасалған менің сыныптастарымның есімі.
ә) бірігу жолымен жасалған жер, су аттары.
Бағалауын оқыту.(2 - мин.)
Үйге тапсырма:"Адам ақылды болып туа ма, әлде қалыптаса ма?"сұрақ төңірегінде диалог құрап келу.
Ереже жаттап, өткен материалдарды қайталап келу.(1 - мин)


Скачать


zharar.kz