Ата тәлімі әңгімесімен жұмыс

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Атай Әнуарбек Дүйсенбиев
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларға адамның табиғатқа жасайтын қамқорлығы жайлы әңгімелеу; отбасы мүшелерінің қарым - қатынасы, тәлімдік үлгі - өнегенің тәрбиедегі әсері жайындағы түсініктерін дамыту; жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді ажырата білуге баулу; шығармалардың мағынасын аша отырып, негізгі ойды анықтау; өздігінен еркін түрде өз ойын жеткізе білу.
Дамытушылық: оқушылардың отбасында, қоршаған ортада өзін мәдениетті ұстай білу дағдыларын қалыптастыру; ауызекі, жазба сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сауатты жазу, өз ойын еркін түрде жеткізе білу дағдыларын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды табиғатты аялауға; үлкенді сыйлауға; имандылыққа адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекі - құралдар: интербелсенді тақтадан түрлі дидактикалық материалдар, мақал - мәтелдер (ата тәлімі туралы), суреттер, жұмбақтар, ойындар, шығармалар жинағы, нақыл сөздер, қима қағаздар,
Сабақтың түрі: дамытушылық.
Сабақтың типі: білімді дамыту.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: талдау, жинақтау, жүйелеу; дербес, жұптық, ұжымдық жұмыс.
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық.
- оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
- сабақ мақсатын анықтау;
- бір - бірлеріне сәттілік тілеу.
Өзімді жақсы көремін,
Сені де сыйлаймын.
Бүгін, ертең,
Жақсылық болсын!
2. Үй тапсырмасын тексеру; оқушылардың бір - бірлерін бағалауы.
3. Қызығушылықтарын ояту.
А) Мақал – сөздің ажары ойыны. Берілген сөздерден мақал - мәтелдер құрастыру.
АТА ЖАҚСЫ - ОРМАН,
БАЛА ЖАҚСЫ – ҚОРҒАН.
Жақсы ата - орман,
Жақсы бала - қорған.
- Мақал - мәтелдің мағынасын ашу.
4. МАҒЫНАНЫ ТАНУ
1) Ой қозғау стратегиясы.
Жаңылмай айт ойыны. Жаңылтпашты жаңылмай айтып, оның ішіндегі сөздерді қалай түсінетінін айтқызу.
Алғыс алғыш – тіл алғыш,
Тіл алғышқа мың алғыс.
2) Болжау стратегиясы.
- Бүгінгі сабақтың не туралы екенін табу үшін мына криптограмманы шешіңдер.
3) Оқулықпен жұмыс.
А) С. Ақаев туралы мағлұмат алу.
Ә) Ата тәлімі әңгімесімен жұмыс.
- мәтінді түсініп оқу; Оқушыларға кезекпен оқыту, талдату
- мәтіннің негізгі ойын анықтау;
- таныс емес сөздермен жұмыс; Ашкөз аңшы
- мәтін мазмұнын жеткізу;
- өз ойын білдіру.
- алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық деңгейдегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
- Есіңде болсын! - ескерпелерді есте сақтап, орындау.
Б) Шығармашылық тапсырма.
- Өздерің осындай істер атқардыңдар ма? Әңгімеле.
4. Сергіту сәті
5. Ой толғаныс
Ой түіні ойыны. Қима қағазбен жұмыс. Мақсаты: өтілген мәтіннің мазмұнын меңгерілу деңгейін анықтау.
- Зейнеткер табиғатқа қандай қамқорлық жасаған?
- Атайдың немерелері қандай істермен айналысты?
- Құстарға, жалпы табиғатқа адам неліктен қамқорлық жасайды?
6) Дәптермен жұмыс. 1 - тапсырма: Сөздік жұмыс: Ашкөз аңшы – сараң, қызғаншақ аңшы. Зейнеткер – зейнет жасына жеткен егде адам. 2 - тапсырма: Жаңа сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыр.
6. Рефлексия. Табиғатты аяла тақырыбына әссе жазу.
7. Қорытындылау.
А) Үй тапсырмасы:
1) мазмұндау;
2) Атай туралы мақал - мәтелдер жинастыр.
ә) Оқушылардың бір - бірлерін бағалауы.


Скачать


zharar.kz