Өсиетке терең бол, Өсек сөзге керең бол

Скачать

Өсиетке терең бол,
Өсек сөзге керең бол.
Есей би Алдамұратұлы

Тайып бара жатқанға таяныш бол.
Саиф Сараи

Мүсәпірдің ақысын жеме - тозақта күйерсің.
Саиф Сараи

Жеріңді жат баспағай.
Тоныкөк

Кеуде керіп, халықты тілдемес болар.
Иүгінеки Ахмед

Мен де соққы жедім деп сұм дүниеден,
Көп жазым ем - оныма өкіндім мен.
Ойласам: көрген бейнет, тартқан қайғы,
Болыпты не біреуден, не өзімнен.
Шәкәрім Құдайбердіұлы

Байлық жақсы екені елге мәлім,
Өзің істеп әдет қыл - келсе халің.
Қолың білсе біреуге жалынбайсың,
Шыдамды бол, еріншек болма, жаным.
Шәкәрім Құдайбердіұлы

Бейнет көрме, біреуге бейнет берме,
Дүние - алдамшы, өмір - қу деп елірме.
Қамдан, сақтан, қалғып бақ бәле келсе,
Бәрін құдай қылады дегенге ерме.
Шәкәрім Құдайбердіұлы

Айтқаныңды қайталама: алуаны да бірақ рет жейді.
Саиф Сараи

Аяқтан шалма, қапыда қалма.
Жан беріп, жан алысар жорықта,
Жауым көп деп қорықпа.
Жауың басынса - жолың жабылар.
Тоныкөк

Ізгі оймен ашқан есікті - қатты жаппа.
Жұрт қашардай - қатты болма,
Жұрт таптардай - жуас болма.
Саиф Сараи

Тегіс тексер сөз көрсең сыр мен сынын,
Түзетуге именбе - тапсаң мінін.
Шәкәрім Құдайбердіұлы

Құр білген керек емес - білгенді іс қылған керек.
Шәкәрім Құдайбердіұлы

Отты сөндіріп - қозасын қалдырма,
Жыланды өлтіріп - баласын қалдырма.
Саиф Сараи

Кісінің көңіліне қара.
Саиф Сараи

Сапты аяқпен ас беріп, сабынан қарауыл қарама.
Саиф Сараи

Асылдан - асыл туады, жалқаудан - масыл туады.
Мылжыңнан - езбе туады, қыдырмадан - кезбе туады.
Майқы би

Жай жатқан жыланның құйрығын баспа.
Саиф Сараи

Құдықты көздеуі бар жерден қаз.
Құтып

Темірді жайлап иер болар.
Құтып

Оқ нысанаға ғана атылады.
Құтып

Гауһар жоғалмасын десең - сенімсізге сеніп тапсырма.
Құтып

Ақырын жүрген алысқа барады.
Құтып

Ей, құлқынның құлдары, тыңда ақылды,
Өсиеті дананың — біл нақылды;
Адамға тән қасиет ішсе — тынар,
Бар мәкүрік, жаман сөз тысқа шығар!
Жүсіп Баласағұни

Әкеңдей әкені сыйламасаң.
Балаңдай баладан таяқ жейсің.
Құтып

Үйдің іргесі берік болсын десең - қабырғасын асықпай қала.
Құтып

Хан сарайынан қашықтау жүрген жөн деп айтады жұрт.
Құтып


Скачать


zharar.kz