Балалар неврозы бойынша психотерапия
Еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуын жеделдету кезінде адам факторы жаңа негізде қаралып, жаңа адамды қалыптастыру барысында әрбір бүлдіршіннің субъективті талап - тілегін ескеріп, бейім - қабілетін және тіршілік өмір үрдісін, белсенді саналы шығармашылық қасиетін одан әрі - дамыту кезек күттірмейтін мәселе.
Саналы және мақсатты бағдарлы тұлғаны қалыптастыру - ең басты бүгінгі қоғамымыздың жоспарлы қағидасы.
Күнделікті өмірде адамдарда жеке ерекшеліктер мен өзгешеліктер арасындағы байланыстар байқалады, осы ерекшеліктердің дұрыс құрылмауы невроздың пайда болуына әкеліп соғады.
Балалардың 20 невротикалық реакциялардың немесе невроздың бар екендігі сізді таң қалдыратын шығар. Бірақ мұнда таң қалатын жайт жоқ. Себебі, қазіргі заманның талаптары тек ересектердің психикасына емес, сонымен қатар балалардың психикасына да үлкен әсерін тигізеді.
Баланың қалыпты дамуы үшін отбасы және қоршаған ортада бала өзін қорғайтындығын сезінуі шарт. Баланың қоршаған ортамен өзара қатынасын реттеудің негізгі механизмдері эмоциялық байланысты құра білу қабілетіне негізделген. Тілек пен қажеттіліктер тәрбие процесі нәтижесінде, қоршаған ортадағылардың қолдауы, не қарсы ықпалы негізінде қалыптасады. Егер бұл даму процесі қоршаған орта не мидың зақымдануына байланысты дұрыс жүрмесе, жеке тұлға дамуында невроз пайда болады.
Нервтік психикалық ауытқушылықтың туындауындағы орта факторларының әсерін қарастыра келіп клиницистер психологиялық тұрғыдан маңызды, ең алдымен ортаның психиканы зақымдайтын әсерін қарастырады.
(Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн,) П. В. Симонов атап көрсеткендей, жеке тұлғаның әлеуметтік меңгеру ерекшелігі генетикалық фактордың рөлін, яғни әлеуметтік және биологиялық бірлікті сипаттайтын жеке ерекшеліктерге тәуелді, бірдей әлеуметтік әсердің әр түрлі әсер етуі мүмкін екендігін жоққа шығаруға болмайтындығын атап көрсетеді. Шеткі жүйкелік - психикалық бұзылыстардың туындауындағы орта факторларының мәні бар ортаның психозақымдаушы әсерлерін анықтайды. Психикалық зақым кез - келген жаста бала үшін естен танарлықтай әрекет болуы мүмкін, эмоционалды депривация, ата – ана мен бала арасындағы қарама - қайшылықтар, неврозбен мінез - құлықтың бұзылыстар көрсеткішін арттырады.