7 сынып
Сабақтың тақырыбы:
1. Қысқаша көбейту формулалары. Екі өрнектің қосындысының және айырмасының квадраты
2. Екі өрнектің қосындысының кубы және айырмасының кубы
Сабақтың мақсаты:
- Екі өрнектің қосындысының және айырмасының квадраты формуласының мәнін ашу, көпмүшені көпмүшеге ықшамдырақ көбейтудің жеңіл тәсілдерін үйрету.
- Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру
- Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру сабағы, саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, бағалау парағы, үлестірмелі карточкалар
Пәнаралық байланысы: сурет, география, өзін - өзі тану
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сабақтың мақсатын айту, Өзін - өзі бағалау парағын тарату, оқушылар 4 топқа бөлінеді. Сабағымыз саяхаттан басталады. Ең алдымен біз белгісіз аралға тап болдық. Бұл аралдан шығу үшін бізге үй тапсырмасын шешу керек.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру Арал тапсырмасы .
Үлестірмелі карточка арқылы тапсырмалар тарқатылады, есептер дұрыс орындалатын болса, функция графиктері шығады. Оны тақтаға оқушылар іледі.
ІІІ Жаңа сабақ Арал тапсырмасынан соң, бізге кеме қажет. Кеменің қойып отырған талаптары
Кеме тапсырмасы
4 топқа тапсырма беру. Оқушылар жаңа сабақты топ - топқа бөліну арқылы ашады. 2 топ мысалдар келтіреді.
Екі өрнектің қосындысының квадраты бірінші өрнектің квадратына, плюс екі еселеген бірінші және екінші өрнектің көбейтіндісіне, плюс екінші өрнектің квадратына тең.
Екі а және b өрнегінің айырмасының квадраты:
Екі өрнектің айырмасының квадраты бірінші өрнектің квадратына, минус екі еселеген бірінші және екінші өрнектің көбейтіндісіне, плюс екінші өрнектің квадратына тең.
ОҚО, Кентау қаласы,
Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі
Устемирова Батия Бектемірқызы