Асықпаған арбамен қоянға жетеді.
Көптен қоян қашып құтылмас.
Қоян көлеңкесінен қорқады.
Екі қоянды қуған,
Біреуін де ұстай алмас.
Бір жылға қоян терісі де шыдайды.
Қашайын деп тұрған қоянға тәйт деген соң, не зорық?
Мал жуасы — қой,
Аң жуасы — қоян.
Ай жарықта қоян арық.
Қасқырдың өзі қатты, жолы жұмсақ,
Қоянның жолы қатты, өзі жұмсақ.
Қоянның қарамын көр де, қалжасынан түңіл.
Қашқан қоян, жатқан қоянды ала кетеді.
Жарлының қалтасына қоянның құлағы сыймайды.
Деген екен, деген екен –
Бір қоянды бір қоян жеген екен.
Қоян терісі бір күндік.