ҚЫСҚЫ ЕРТЕГІ
Кіп - кішкентай құмырсқа
Көргісі кеп ақ қарды
Илеуінен шығады
Тамашалап даланы.
Жан - жағына қарады,
Ақ мамыққа оранған
Дала қандай тамаша!
Қызықтырып барады.
Аяз шымшып аяғын
Суық қысып бір жақтан
Сұлулыққа тамсанған
Құмырсқаны жауратты
Илеуіне келген соң
Ғажайып бір әлемде
Болып келдім, бауырлар
Деп тамсантты достарын.
Мерейлі Меркім
Мерейлі Меркім мекенім,
Өзіңде өсіп келемін.
Үйрендім білім ғылымды,
Табиғатыңнан киелім!
Ұлылығына өзіңнің,
Басымды мәңгі иемін.
Бабадан қалған мұраға,
Иелік етіп өтемін!