Менің Қазақстанымды әлем таниды!
Мақсаты: Отанымыздың басынан кешкен оқиғаларды, сан жылдар бойы еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы тұлғаларымыз туралы алған білімдерін анықтап, ұлттық сана, рухтық қасиеттерін қалыптастыру. Елін сүюге, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ту, Елтаңба, шарлар, гүлдер, нақыл сөздер жазылған плакат.
Сабақтың барысы Қазақстан – туымен тұғырлы.
Елтаңбасымен еңселі
Әнұранымен айбатты.
Әнұран орындалады
Бүгінгі біздің тәрбие сабағымыздың тақырыбы: Менің Қазақстанымды әлем таниды!
Мұғалім: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең – байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Қазақстан біздің сүйікті - Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар. Осының бәрі Алтай менен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып - жасарып жатыр.
Отан отбасынан басталады - деп халқымыз айтқандай Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті – оның жарық дүниедегі жансаясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.
Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған жеріміз оның тарихы, өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет.
Мұғалім: Ал қане, балалар,
30 тамыз күні қандай мереке?
30 тамыз күні 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституция – Ата Заңымыз қабылданған күн. Ата Заңымыз 98 баптан тұрады. Әр баланың, адамдардың құқығы қорғалады. Ата Заңым – бабалардың лебізі. Ата Заңым – барлық заңның негізі. Арқа сүйер Ата заңда адамды. Артық санау кемсітудің жоқ ізі. Ата Заңым мемлекет айбыны Ата Заңым асыл ойдың айдыны Туған жердің - Қазақстан елінің Ата Заңмен қорғалады байлығы.
Мұғалім: Отан деген не? Оны қалай түсінесіңдер?
Отан отбасынан басталады дегенді қалай түсінесіңдер?
Отан - өз үйім, ата – анам, достарым, бауырым, тау, тас, өзен - көл, туған жер, бәрі Отаным болады.
- Дұрыс айтасыңдар. Ендеше Отан туралы балалар не дейді?
Қазақ елінде тұратын адамдардың
Отаны – Қазақстан Республикасы.
1 - оқушы
Туған жер – алтын таң.
Кең далам, таулы орман.
Ұл мен қыз қорғаймыз,
Бақытты ұлы Отан.
2 - оқушы
Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен.
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді
3 - оқушы
Отан дейміз кең - байтақ астананы
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Ән: Менің Қазақстаным
Мұғалім: Бүгінгі қазақстанымыз – қашан да мақтанышымыз. Осы жылдар ішінде мемлекетіміз көркейіп, гүлденді. Өзге елдерімен терезесі тең болып; болашаққа жол ашты.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып қай кезде жарияланып еді?
1991 жылы 16 желтоқсанда. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықтарды бастан кешірді, қасіреті қаншама!
Қазақстанның рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран қабылданды.
4 - оқушы
Қазақстан Республикасының
болашағы елім, жерім, ата - бабам
күрескен, кіндік қаным тамған туған жерім.
5 - оқушы
Жарқырап нұрын төгіп көгінде күн.
Жұлдызың жарқырайды бүгін сенің
Тәуелсіздік мерекең құтты болсын.
Қазақстан Республикам – елім менің!
6 - оқушы
Егеменді ерікті ел екенбіз
Жылдан – жылға дамыған берекеміз.
Бостандықтың таңы ашқалы 22 жыл болды.
Халайық, құтты болсын мерекеміз.
7 - оқушы
Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев
Атамыздың тәуелсіздігіміздің
Келешегі жолында жүзеге асырып
Жатқан жұмыстарын толық қолдаймыз
8 - оқушы
Жарқырап нұрын төгіп көгінде күн
Жұлдызың жарқырайды бүгін сенің
Тәуелсіздік мерекең құтты болсын
Қазақстан Республикам менің.
Мұғалім: Біздің Республикамыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы
- Қазақ жері қандай?
- Қазақ жері өте бай, әрі кең.
- Отанымыздың астанасы?
- Астана қаласы
- Ал сең білесің бе, осыған дейін қандай астаналар болған?
- Бұған дейін Орынбор, Қызылорда, Алматы қалалары астанамыз болған
- Астана қаласы бұл 13 - ші астанамыз екен.
- Астана қаласы күннен - күнге жаңарып, гүлденіп, көркейіп келеді.
- Аз ғана уақыт ішінде жаңа тұрғын үйлер, зәулім ғимараттар, гүлзарлар мен фонтандар, әсем ескерткіштер бой көтеріп қалған
Қорытынды:
- М Міне балалар, Менің Қазақстанымды әлем таниды!
деген тақырыптың мәнін терең түсіне алдыңдар деп ойлаймын. Ел алдындағы, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Ерінбей, жалықпай білім алыңыздар, ел болашағы сіздердің қолдарыңызда.
Ән: Атамекен