Ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері

Скачать

Мақсаты: 1. Көбейтудің ауыстырымдылық, және терімділік қасиеттері туралы білімдерін кеңейту
2. Шапшаң ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту
3. Ширақтыққа, пысықтыққа, достық қарым қатынасқа тәрбиелеу
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: ойын

Қолданатын құралдар: әр түрлі таратпа материалдар, плакат, шығармашылық тапсырма. фигуралар
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Қорытынды
І. Оқушылармен сабақ бастамас бұрын психологиялық дайындық жүргіземіз.
Оқушылар көздерін жұмады да, бастарын партаға қойып, Мен сабақта отырмын. Мен қазір оқи бастаймын. Мен бұған қуанамын. Менің зейінім артып келеді. Барлаушы сияқты бәрін байқап отырмын. Менің ақыл ойым мықты, басым жақсы істеп тұр. Менің оқығым келеді. Жұмыс істеуге дайынмын. Бастадым ,- деп мұғаліммен бірге қайталайды.

Тірек білім - білік дағдыларын белсендіру
Дәптерге бүгінгі күн және айды, тақырыпты жазу
Балалар мына тапсырмаларды кезекпен орындаймыз. Дәптерімізге жазып отырамыз.

Жүйрік доңғалақ дидактикалық ойын
Доңғалаққа жазылған өрнектер
186х4
412х5
4х186
5х412 ауыстырымдылық қасиеті

(190х5) х2
5х(630х4)
200х(96х5)
(103х50) х4

Балалар, көбейтудің қандай қасиеттерін қолдандыңдар?
Ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері.
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетінің ережесін кім айтып береді?
Көбейткіштердің орны ауысқанымен көбейтіндінің мәні өзгермейді.
Терімділік қасиеті - өрнекте қатар орналасқан екі көбейткішті әрқашан көбейтіндімен ауыстыруға болады.

ІІІ. Жаңа сабақ
Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Арифметикалық амалдардың қасиеттері
Математикалық аялдама ойыны
Оқушылар парталарда жатқан тапсырмаларды жылдам - жылдам орындаулары арқылы келесі аялдамаға жол тартады. Соңында соңғы аялдамадағы қызыл дөңгелекті қолына алады. Осылай аялдамаларды 3 рет айналып, 3 фигураны алу керек. Егер фигуралардың барлығын алса, соған байланысты бағаланады.
Аялдамадағы тапсырмалар:
1 айналым
3912х4х2
(450+155): 5
631х250х4
545986 -(83000+986)

2 айналым
(332х4) х5
5х(46х200)
400х(200х6)
(254х6) х20

Сергіту жаттығулары
Логикалық қызықты тапсырмалар

3 айналым
Бірінші алқаптан 54ц картоп, ал екінші алқаптан 72ц картоп жиналды. Барлық картоп 50 кг - нан қаптарға салынды. Неше қап картоп шықты?
Тігін фабрикасына әрқайсысына 125 шарғыдан 12 қорап жіп және әрқайсысына 480 шарғыдан 12 қорап жіп алынды. Барлығы неше шарғы жіп алынды?
Анасы әрқайсысы 195 теңгеден 12 шыныаяқ және әрқайсысы 165 теңгеден сонша табақша сатып алды. Анасы барлық сатып алынған ыдыстарға қанша ақша төледі?
Кондитер фабрикасындағы бірінші конвейерден 954кгкәмпит, ал екінші конвейерден 456кг кәмпит шықты. Оларды 500грамнан қораптарға бөліп салу керек. Ол үшін неше қорап қажет?

Шығармашылық тапсырма
Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?
Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады?
Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
Қорытынды: Біз орындаған тапсырмаларымызда арифметикалық амалдардың қандай қасиеттері қолданылды?
Ауыстырымдылық және терімділік қасиеті.
Жинаған фигуралары бойынша бағалау
Үй тапсырмасы: №6


Скачать


zharar.kz