Жарысуға бүгін біз, Қырандармен дайынбыз

Скачать

Тақырыбы: Зерде сайыс сабағы
Мақсаты: - Білімді, жан - жақты болуға жетелеу
- Көп білуге, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.
- Іздемпаздыққа, тапқырлыққа, ойлануға жетелеу.
- Жарыста озып шығуға талпындыру.
- Білімді, дарынды болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сандық, сигналды карта, сигналдық белгі.
Сайыстың формасы: топтық
Әдіс: жарыс.
I. Ұйымдастыру кезеңі: Дайындықтарын тексеру, зейіндерін сайысқа аудару, сұрақ – жауап.
II. Сайысқа қатысқан топтардың аттары:
1 топ. Тұлпарлар Таныстыру.
Тұлпар деген атымыз,
Өжет және батылмыз.
Жарысуға бүгін біз,
Қырандармен дайынбыз!
Ұраны: Тұлпардай біз шабамыз.
Озып алға шығамыз!
2 топ Қырандар Таныстыру.
Біз қыранбыз, қыранбыз,
Білімге біз құмармыз.
Болашағы қазақтың.
Ұлы, қызы боламыз!
Ұраны: Алға, тек алға!
Жеңіске қарай самға.

III. Әр топтың көшбасшылары төс белгілерін сипаттап, түсінік береді.
IV. Әділ - қазылар алқасымен таныстыру.
V. Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгін 2 а сынып оқушыларының білімдерін зерделейтін Зерде атты интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер. Сайыс 5 турдан тұрады:
1. Білгенге маржан
2. Әліппе
3. Математик
4. Құрастырма сурет
5. Жұмбақ шешу

I тур. Білгенге маржан - мониторингке 6 кітаптың суреті шығады, әр кітапта 1 сұрақ, 4 жауап бар. Соның 1 дұрыс жауабын табу керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Егерде жауап дұрыс болмаса қарсылас топ жауабын дұрыс тапса, 1 ұпай ұтып алуға мүмкіндік бар, әр сұраққа ойлануға 1 минут уақыт беріледі.
1 сұрақ. Өсімдіктер тіршілігі үшін қандай жағдайлар қажет?
2 сұрақ. Қазақ даласында алғаш білім жарығын алып келген адам кім?
3 сұрақ. Қияр сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар?
4 сұрақ. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсет.
5 сұрақ. Тәуелсіздік мерекесі қай күні тойланады?
6 сұрақ. Кімнің сөзі?
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт берекең – атаң қымбат,
Аймалайтын - анаң қымбат
Ұят пенен ар қымбат.
II тур. Әліппе деп аталады.
Мониторингке сөздің алғашқы және соңғы әрпі беріледі
Б...... а, қай топ көп сөз тапса 5 ұпайға ие болады. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі.
III тур. Математик
Мониторингке амалдар шығады:
30? 60 = 90, 50? 20 = 30, 17? 5 = 22 т. б
Бір минуттың ішінде ойынды аяқтау қажет. Қай топ көп дұрыс жауап берсе, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады.
IV тур. Құрастырма сурет:
Мониторингке жасырылған сурет шығады соның бір бөлігін алып тастағанда жасырылған суретті табу қажет.
- Бұл ертеден бері көп таралған көлік түрі.
V тур. Жұмбақ шешу.
Бұл жұмбақтың шешуі сыйқырлы сандықта. Дұрыс шешкен топқа 5 ұпай.
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. ( қой)

Қорытынды жасалады: ( әділқазылар алқасы)

VI. Екі топтың көшбасшылары ортаға шығып бір - бірлеріне тілектерін айтады.
VII. Қонақтарға ән шашу Бала тілегі әнімен сайысты аяқтау.


Скачать


zharar.kz