Мұғалімі: Бейсенова Л
1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Я дыбысы мен әрпі Сұр қоян
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: я дыбысы бар сөздерді оқи және жаза білуге дағдыландыру;
ә) дамытушылық: Сұр қоян өлеңін мәнерлеп оқи білуге үйрету, мазмұнын түсіндіру;
б) тәрбиелік: өз ойын еркін айтуға дағдыландыру, әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: ойын түрлері, жұмбақ шешу, сұрақ – жауап, жеке, топтық жұмыстар, сахналау, түсіндіру, көрсету.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, ойыншықтар, муляждар, доп, оқулық
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал
Кірісейік сабаққа,
Кірісейік оқуға,
Оқудан 5 алайық
Үйге қуанып барайық!
- Бүгін бізде қонақтар келіп отыр. Қазақта: Қонақ – ырыс әкеледі , - деген теңеу бар. Ендеше алдымыздан тек жақсылық күтсін!
II. Өткен сабақты еске түсіру. Шаттық шеңбері
Ойлан, тап ойыны
Шарты: доппен ойналады. Сұрақ қоямын, допты алған оқушы жауап береді.
- Сауат ашу пәні бізге нені үйретеді?
- Әріптер не үшін керек?
- Дыбыстар ше?
- Дыбыс нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыс қалай айтылады?
- Дауыссыз дыбыс қалай айтылады?
- Әріптердің баспа түрі қайда жазылады?
- Я қандай дыбыс? Қосарлы дауысты дыбыс, й + а дыбыстарының қосылуынан жасалған.
- Ойын ұнады ма? Ендеше, отыра қойыңдар!
Өткен сабақты бекіту
- Я дыбыстары бар сөздерді еске түсірелік.
Тізбектеп бағандағы сөздерді оқыту.
- Ұя өлеңін жатқа айту.
Сергіту сәті:
Ойын: Тездет, қателеспе
- Дауысты дыбысты айтқанда қол шапалақтау, дауыссыз дыбыста аяқпен жерді қағу.
III. Жаңа сабақты түсіндіру (слайд көрсету)
- Балалар біз бүгін Я әрпінің екінші сағаты 96 – бетті өтеміз.
- Бағандағы сөздермен таныстыру.
ұя – құстың ұясы
ұят – адам бойындағы қасиет
оят – ұйқыдан ояту
баян – музыкалық аспап
қоян – аң
шаян – жәндік
ояу – ұйқыдан оянған
бояу – түрлі - түсті, бояу үшін қолданатын құрал
баяу – жай, асықпай
сия – жазу үшін қолданылатын түрлі - түсті сұйық зат
қия – таудың жартасты, беткей беті
мия – өсімдік
жая – ұлттық тағам
сая – көлеңке
қария – ата, қарт кісі
Оқушыларды шығарып, сөйлем құрату.
Ой қозғау. Жұмбақ шешу.
Жесең ащы
Көзіңнен шығарар жасты (пияз).
Есек құлақты
Ешкі құйрықты
Мысық аяқты, көрдім жүйрікті (қоян).
- Жарайсыңдар! Қоян қандай аң? Кім біледі?
- Жүйрік
- Сәбіз, қырыққабат жейді.
- Өте сақ
- Түгін мезгілге қарай ауыстырады
- Ақ қоян
- Сұр қоян
- Балалар, ендеше мен толықтырып өтейін, экранға назар аударыңдар! (слайд арқылы көрсетемін)
Оқулықпен жұмыс. Сұр қоян
Мұғалім Сұр қоян өлеңін мәнерлеп оқып береді.
- Қандай қоян?
- Не істеді?
Сахналау Сұр қоян
Бір оқушы мәнерлеп оқиды, екінші оқушы қимылмен көрсетеді (маска киіп, Сұр қоян өлеңін, барлық оқушы орындарынан тұрып қайталайды)
Дәптермен жұмыс.
Кісі, Жер – су аттары қалай жазылады? (бас әріппен).
1 - топ: Кісі аттарын жазады.
2 - топ: Жер – су аттарын жазады.
Тақтамен жұмыс
Аян, Баян, Әсия, Әлия, Ғалия, Данияр
Баянауыл, Аягөз, Сырдария, Әмудария.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Үш топқа тапсырмалар беріледі.
1 - топ: Сөздерді буынға бөлу
2 - топ: Қай әріпті жоғалттым?
3 - топ: Қатесін тап
Әр топты оқушыларға бағалату.
V. Оқушыларды мадақтау. Смайликтер арқылы бағалау
Рефлексия.