Тақырыбы Достық аралы
Мақсаты: дос деген ұғымды әрқашанда жоғары ұстауға баулу өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі суреттер: слайдтар
Білім саласы: Әлеумет
Білім бөлімі: Айналамен танысу, көркем әдебиет
Барысы: Тәрбиеші балаларды жанына жинап бүгін гі күннің қандай тамаша екенін айтып, осы күн нұрынан жер беті, адамдар, оның ішінде балалар қаншама жылу алатынын әңгімелейді.
Тәрбиеші Ал балалар, енді барлығымыз дөңгелене тұра қалайық. Қолдарымызды ұстасып, алақанымызды бір - біріне қойып, өзара жылуымызды, жақсы тілек лебізімізді айталық. Өте жақсы. Қандай тамаша тілектер айттық. Бір - бірімізбен тату болайық, дос болайық
Бала біткен дос бауыр,
Болмасын еш тосқауыл - демекші достық туралы мақал - мәтелдер жарысы.
Дос болсаң, берік бол,
Досыңа серік бол.
Досы жоқ адам, тамыры жоқ терекпен тең.
Досы көпті, жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Дос
Доссыз өмір бос.
Балаларға ситуациялық сұрақтар беріліп, әрбір баланың жауаптары тыңдалады.
Досың аяқ астынан ауырып қалса сен не істер едің?
Аяулым өзіңнің жақсы көретін қуыршағыңмен досыңды ойнатар ма едің? Балалар қане достық туралы тақпақтар айтып, жарысайық.
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Әкел, досым, қолыңды,
Татуласқан орынды.
Өкпелесіп не керек,
Көрсет, кәне, соныңды.
Әрқашанда біргеміз,
Жабырқауды білмейміз.
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз – талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Орман, көлге, шыңға біз
Саяхатқа шығамыз.
Бөлінбейді іргеміз.
Сергіту сәті.
Қанша бала, қанша қыз,
Бір шоқ гүлміз баршамыз.
Ойын, күлкі ордасы
Біздің бала – бақшамыз.
2. Біз ертеңгі батырмыз
Біз ертеңгі ақынбыз.
Бір анадан туғандай
Біз бәріміз татумыз.
Тәрбиеші Мен сендерге Екі дос деген ертегі оқып берейін. Мұхият тыңдаңдар.
Балалардан ертегінің мазмұнын сұрау. Ал балалар осы ертегідегідей достардың бәрі бірдей адал бола бермейді.
Қорытынды.