Бастауыш мектептегі тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Ұрпақ тәрбиесінде рухани адамгершілік тәрбие – тәрбиенің бастамасы екендігін ескерсек, ел ертеңі, ұлт болашағы үшін ұлттық педагогика элементтерін тәрбие құралына айналдырудың маңызы зор.
Балалардың жан - жақты дамуы үшін, әсіресе сұлулық пен сымбаттылыққа қанық болулары үшін оқу - тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану өте маңызды. Демек, халықтық педагогика – тәлім - тәрбиелік ой - пікірдің бастауы, халықтың рухани мұрасы. Халық педагогикасы дегеніміз халқымыздың тәрбие жөніндегі халықтардың ғасырлар бойы қалыптасқан педагогикалық білім, тәрбие, тәжірибесінің жиынтығы. Халық педагогикасындағы ақыл - ой, идеясы қай халықтың болсын тіршілік тынысымен, ұлттық тәрбие дәстүрлерімен тығыз байланыста туып, өсіп өркендеп, дамып және ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып жетіп отырған.
Халық келер ұрпағын шынайы адамгершілік қасиеттерге баулып, тәрбиелеуді мақсат еткен. Бірде – бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы аға буынның ақыл – ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес. Бабаларымыздың сан ғасырлық тарихи - мәдени жетістіктерінің жемісін, рухани байлығын, жанына біткен еңбексүйгіштігін, отаншылдық, имандылық, бауырмалдық, қонақжайлық қасиеттерін ұрпақ санасына сіңіріп өсіру әр ұстаздың парызы.
Қазіргі заман талабына сай мен де оқушыларды тәрбиелеуде халықтық педагогиканы басты бағдар ретінде ұстанғанымыз жөн болар еді. Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуға байланысты өзгерістердің ізімен асығу қажеттігі пайда болып отыр. Педагогиканың іркіліс, кешеуілдеуі адамдардың даму дағдарысына алып келеді, ғылыми - техникалық прогрестің шабандауына соқтырады. Сондықтан да, педагогика қалаған дерек көздерінен жаңа білімдерді теріп, жинақтап баруы қажет.
Педагогиканың дамуына себепші көздер – адамдардың өмір салтында, дəстүрлерінде, халықтық педагогикада бекіген көп ғасырлық тəрбие тəжірибесі, іс - қызметтері; философиялық, қоғамтану, педагогикалық жəне психологиялық еңбектер; əлемде жəне елімізде жүріп жатқан тəрбие практикасы; арнайы ұйымдастырылған педагогикалық зерттеу деректері; жаңа идеялар, жаңарған бағыт - бағдарлар, жылдам өзгерістерге келіп тұрған бүгінгі дүниедегі тəрбиенің тиімді соны технологиялары. Сонымен, педагогика – тəрбие жөніндегі ғылым. Оның басты міндеті адам тəрбиесі жөніндегі ғылыми білімдерді жинақтау жəне жүйелестіру. Педагогика адамдарды тəрбиелеу, білім беру жəне оқыту заңдылықтарын ашып, соның негізінде алға қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық жолдары мен тəсілдерін көрсетіп отырады.
Халық тәрбиесінің ең негізгі мақсаты мен міндеті - сегіз қырлы, бір сырлы; жан – жақты жетілген азамат тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарымыз арқылы балаға ақыл – ой, адамгершілік, әсемдік, дене, денсаулық, еңбек тәрбиелерін беру, мінез – құлық дағдыларын қалыптастыру.
Ана тілінің уызына қанбаған, оның бұлағынан нәр алмаған ұрпақтың бойынан ізгіліктің нышандарын табу мүмкін емес. Қоғамымыздың ертеңгі болашағы – мектеп жасындағы жас жеткіншектер. Қазақ мектептерінің алдында ұлттық сана – сезімін оятып, тәрбиелеп қана қоймай, халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тіл, дін, тәрбие, ұлттық салт – дәстүр, үлгі – өнегені үйреніп, бойына сіңіріп, күнделікті тіршілікте пайдалана білуге үйрету міндеттері тұр.
Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім – тәрбиенің белгілі жүйесінде жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдер де болған. Мәселен, мақал – мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне байланысты әдеп - ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда – ақыл – ой тәрбиесі, өлең, жыр - дастандарда - эстетикалық тәрбиесінің негізгі принциптері, ал ертегілер халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік материал ретінде пайдаланған Халықтық педагогиканың озық үлгілері балаларды имандылыққа, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелейтінін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Сондықтан ұрпағымызды халықтық педагогикадан, ұлттық салт – дәстүрімізден, рухани байлығымыздан қол үздірмей, білімді де саналы, ибалы да инабатты етіп тәрбиелеу ұстаздар қауымының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Баланың ойлау, танымдық қабілетін арттыруда жұмбақ шешкізудің маңызы зор. Кез - келген сабақта жұмбақты қолдану оқушылардың білімпаздығын, алғырлығын, тапқырлығын дамытуға көмектеседі. Мақал - мәтелдерді белгілі тақырыпқа сай қолдану арқылы оның тәрбиелік мәніне түсінік бере отырып оқушыларды тура жолға сілтеуге, адамгершілік қасиеттер баулуға мүкіндік зор. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында сабақта ертегі немесе әңгіме құрастыруды ұсыну оқушылардың сөздік қорын молайтуға, өз бетімен жұмыс істеуге көп септігін тигізеді.
Сақина салу , Орамал тастау , Хан талапай сияқты ұлттық ойындарды сабақ барысында ойнату оқушылардың өз халқына деген сүйіспеншілігі мен құрметін арттыра түсетіні кәміл.
Сабақ үрдісінде оқушыларға тұрмыстық тәрбиеге байланысты салт - дәстүрлер, бала дүниеге келгеннен өскенге дейінгі аралықта қолданылатын салт - дәстүр, ырым - тыйымның рөлі, сәлемдесу әдебі, сыйластық, қонақ күту, ас ішу әдебі, инабаттылық дәстүрлері, сөйлеу әдебі және киім кию тәрбиесі, ұлттық тәрбиедегі еңбек тәрбиесінің орны, қазақ халқының озық мәдениет үлгілері мен олардың тәрбиелік мәні сияқты ұлттық құндылықтарымызды оқытуымыз керек.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы деп атап көрсетті.
Халықтық педагогика – қоғамның рухани, мәдени және адамгершілік қарым - қатынастарындағы ең қымбат қазына дейтін болсақ, оқушыларға ұлтымыздың әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлерін үйрету, оны оқушы ойына ұялату арқылы ізгілікке, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, өз салт - дәстүрін құрмет тұтуға баулу – ұстаздар қауымының бірінші міндеті деп білемін.
Қызылорда қаласы №8 мектеп - интернат
Тәрбиеші Аяпова Раушан