Сабақтың тақырыбы: Есептік және реттік сан есім
Сабақтың мақсаты: Есептік және реттік сан есім тақырыбын қайталау және оқушылардың алған білімдерін одан әрі жалғастыру.
Оқушылардың ұлттық, спорттық ойынға деген сүйіспеншілік сезімдері арқылы, топта бір - біріне қамқор, ұйымшыл болуға тәрбиелеу.
Ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу дағдысын, ой - өрісін, қиялын, тілін дамыту.
Көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар, бағалау бұрышы, интерактивті тақта
Түрі: Пысықтау сабақ
Әдісі: Сұрақ - жауап, топтау
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика, дене шынықтыру
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу. Сапқа тұрғызу. Бірінші, екінші, үшінші деп санату.
1 топ бір қадам алға, 2 топ екі қадам алға. Топтарға отырғызу.
Топ ережесін еске түсіру
2. Психологиялық дайындық
От шашу атайық. Сабақ желісін хабарлау.
- Ұлттық ойындарды білеміз бе?
- Соның бірі Тай жарыс . Көктем келді, күн жылынды. Тайы бар балалар жарысқа шығады. Біз де бүгінгі сабақта тайымызбен жарысқа түсіп көрейік. Тай жарыста бірнеше бала қатысады. Бірақ мен сіздерге 1 баланың бейнесін алып тұрмын. Әр 3 топқа 3 тай беріледі. Тапсырмаларды орындау арқылы әр белестерден өтіп жарысып отырасыздар. Топ басшыларын сайлау
Сонымен қатар сіздерді ат әбзелдері арқылы бағалаймын. Әбзелдерді жинауға ат салысайық.
Өте жақсы - ашамай
Жақсы - таға
Қанағаттанарлық - қамшы
Ат жарыс, тай жарыстардың өздерінің шақырымдары болады. Шақырымды анықтап алайық.
3. Үй тапсырмасын тексеру
Ол үшін үй тапсырмасы бойынша тапсырмаларды орындайық. Мына машиналарды тез сатып жіберсек, мейлінше тез білеміз.
1 топ. 1. Жұмбақты оқы, шешуін айт.
2 топ. 2. Сан есімді тауып, түрін анықта
3 топ. 3. Қос сөзін қандай сан есіммен алмастыруға болады?
4. Жаңа сабақ
3 шақырымның тапсырмасы: Кім жылдам? ойыны
Реттік сан есімді есептік сан есімге айналдыр. Сонда қандай сұрақ қойылады?
1 топ 2 топ 3 топ
Бесінші бөлме тоғызыншы бет екінші касса
Жетінші пәтер он төртінші қатар сегізінші қайық
Болған топ бес жұлдыз арқылы білдіру
3 шақырымның тапсырмасы орындалды. 4 шақырымның тапсырмасы:
4. Дәптермен жұмыс
23 - жаттығу. Көшіріп жаз. Сан есімдерге сұрақ қой. Есептік сан есімнің сатын - бір, реттік сан есімнің астын - екі сыз.
Үш қозы, бес лақ, тоғызыншы үй, он екінші троллейбус, төртінші топ, жеті кітап.
5 шақырымның тапсырмасы:
24 - жаттығу 1 топ Мәтінді мәнерлеп оқып бер.
2 топ Сан есімдерді тауып, қай түрі екенін айт. 3 топ Сан есімі бар сөйлемдерді жаз.
Ақ арыстандардың табылғанына 30 жылдай ғана уақыт болды. Ұзын саны 70 - тен аспайды.
МҰҒ: Бұл сөйлемдерде сан есімнің жазылуына мән беру керек. Сан есім цифрмен жазылған кезде сөзден бөлек жазылады. Сызықша қойылмайды. Ал егерде жалғау жалғанса цифрден кейін міндетті түрде сызықша қоямыз.
6 шақырым тапсырмасы: Сергіту сәті
Тай үстінде би билеу
7 шақырым тапсырмасы: Тез, ойлан! ойыны
1 Өзгертпе сөзді шеш 2 Сан есімдерді тап 3 Қандай сан есімдер?
8 шақырым тапсырмасы: Ребус шешу.
Жаздың бір күні - қыстың мың күнін асырайды
9 шақырым тапсырмасы: Бекіту. Тайға мінген бала ұлттық киім үлгісін беріп жіберіпті. Жай киім емес, тапсырмасы бар сиқырлы қағаз екен. Қане, көрейік.
кеспе қағаздар тарату
Реттік сан есімге – көптік жалғауларын, есептік сан есімге 3 жақтың тәуелдік жалғауларын қосып айт.
1 топ--------------------2 топ----------------- 3 топ
Бір і ---------------------екі сі-------------------үш і
Алты сы----------------он ы -------------------бес і
Бірінші лер----------екінші лер--------- үшінші лер
Алтыншы лар------оныншы лар---- --тоғызыншы лар
10 шақырым Мәрені анықтау
7. Бағалау. Жинаған ат әбзелдеріне байланысты ұпай сандарын қорытындылау. Топ басшыларына орын беру.
8. Үй тапсырмасы: 25 - жаттығу. Сурет бойынша шығарма жазу
9. Кері байланыс: Ұнады. Ұнамады