Қос аяқпен секіру

Скачать

Білім беру саласы: Денсаулық
Оқу іс – әрекет түрі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Қақпаға доп домалату. (арақашықтығы 2 метр) Қос аяқпен секіру. (бір аяғы алда, екіншісі артта) Екі сызықтың арасымен жүру. (көлемі 15 см, ұзындығы 3 м)

Мақсаты: Допты екпінмен итеру және доп қимылының бағытын сақтауды үйрету. Тіреуіштің кішірейтілген алаңы бойымен жүруде қалыпты тепе – теңдікті сақтауға жаттықтыру.
Қолданылатын құрал саймандар: 8 - 10 дана кубик немесе пирамидалар, 2 - гимнастикалық орындық, 2 - жіп, доптар, қ ойынға бетперделер.
Мотивациялық – қозғаушы
Балалар әдемі әуен ырғағымен шеңберге тұрады.
Бастаушыны өзгерте отырып саптізбекте бір - бірден жүру және жүгіру. Саптізбекте бір - бірден жыланша кубиктер арасынан жүру, жүгіру. Шашыраңқы жүру, жүгіру. Жүру, дем алу жаттығулары. 1 – 2 шеңберге тұру.

Ұйымдастырушы - ізденуші:
1. Алдыға Б. қ.: аяқ иық бойымен, қолда екі бүктелген секіртпе. 1 - секіртпе созулы, кеуде алдында. 2 - жоғарыда. 3 – кеуде алдында. 4 - б. қ.
2. Бұрылу Б. қ.: аяқ солай, қол секіртпемен артта. 1 - оңға (солға)
бұрылу. 2 - б. қ.
3. Отырып тұру Б. қ.: 1 - отыру, қол алдыда. 2 - б. қ.
4. Еңкею Б. қ.: қол секіртпемен төменде. 1 - оң (сол) аяқты, қолды алдыға шығару. 2 - б. қ. келу
5. Иілу Б. қ.: аяқ иық бойымен, секіртпені басып тұру, секіртпенің екі ұшы қолда. 1 - алдыға еңкею, қолды артқа жоғары жіберу. 2 - б. қ.
6. Секірулер Б. қ.: секіртпе еденде жатады, аяқ бірге, қол төменде. Бір қырлап 10 - рет секіру, жүрумен алмастыру, қайтадан секіру.

Негізгі қимылдар:
1. Қоян - екі аяқпен секіру.
2. Қақпаға доп домалату.

Қимылды ойын: Сақина
Дөңгелек ортасында тұрған жүргізуші, алақанының арасына сақинаны салып, қалған ойыншылардың алақандарына салған болып шығады. Ойыншылардың біреуінің алақанына сақинаны салып: Менің сақинам қайда? - деп дауыстап сұрайды. Сұрақты естіген соң, сақинаны алған бала ортадан жүгіріп шығуы қажет. Ойын шарты бойынша көршісінің міндеті сақинасы бар баланы ұстап жібермеуі керек.
Рефлексивті – коррекциялаушы:
Саптізбекте бір - бірден жүру, дем алу жаттығулары, нүктелі массаж
Ойынды қорыта келе: сендерге не ұнады?
Не қиын болды? – деп балалардан сұрау.

Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: қақпаға доп домалатуды; қос аяқпен секіруді;
Машықтандыру: екі сызықтың арасымен жүруді;


Скачать


zharar.kz