Оқушыларға графикалық редакторда командаларды, құралдарды, үзінділерді сурет салдырту, баспаға жіберуді үйретуДамытушылық

Скачать

Білімділік: Оқушыларға графикалық редакторда командаларды, құралдарды, үзінділерді сурет салдырту, баспаға жіберуді үйрету
Дамытушылық: Графикалық редактор ұғымымен таныстыра отырып оқушылардың дүниетанымдарын, ой - өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап әдісі, көрнекілік әдісі, миға шабуыл әдісі, проблемалық жағдай туғызу, ой қорыту, тұжырым жасау, дәлелдеу
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, география, математика
Сабақтың көрнекілігі: тірек - сызбалар, компьютер, слайдтар, Информатика оқулығы 5 класс
Күтілетін нәтиже:
 Оқушыларда графикалық редактор туралы түсінік қалыптасады.
 Редакторды іске қоса алады.
 Сурет салу кезеңдерін білетін болады.
 Графикалық редактор құралдарының қызметін біледі.
 Салынған суретті сақтап, ашып, қағазға басып шығара алады.
Сабақ барысы:
 І. Ұйымдастыру кезеңі
 II. Үй жұмысын тексеру
 III. Үй тапсырмасын бекіту
 V. Практикалық бөлім
 VI. Қорытындылау
 VІI. Үй тапсырмасын беру
 VІIІ. Бағалау
1. Ұйымдастыру кезеңі:
• Амандасу, оқушыларды түгендеу;
• Шаттық шеңбері: Сен өте керемет жансын, өйткені......
• Топқа бөлу. Астана , Алматы , Ақтөбе оқушылар отырғаннан кейін бір сөйлеммен қалаларды таныстырады. Астана ҚР астанасы, әсем қала,
2. Үй жұмысын тексеру: Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, талдап, жұлдызшыдағы сұрақтар арқылы үй жұмысын бекіту;
3. Өткен тарауды қорытындылау мақсатында ертегі беріледі ертегі оқылады.
Ерте, ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде әр түрлі түстер өмір сүріпті. Олардың жеке аттары болыпты. Олар: қызыл, жасыл, көк, сары, қара және т. б. Бір күні оларды қарындаш жинап алып сурет салмақшы болыпты. Бірақ оған түстер қарсы болыпты. Қарындаш түстердің қылықтарына шыдамай Microsoft ағайға хат жазыпты, былай деп: Құрметті Microsoft ағай, түстер өз беттерімен кетті, сіздің тез арада келуіңізді өтінемін. Мекен – жайым:
Windows ауданы
Программалар ауылы
Стандартные көшесі
Сәлеммен: Қарындаш
Осыдан кейін Microsoft ағай ойланып - толғанып, Сурет салу редакторын құрастырып, оның атын Paint қойыпты.
Мұғалімнің түсіндірмесі.
Ерте кезден - ақ адамдар өз ойларын тасқа бейнелеп, уақыт өте келе қағазға түсірген, ал қазіргі таңда біздер өз ойымызды компьютер арқылы бейнелей аламыз.
- Ендеше бүгінгі PAINT графикалық редакторында сабағымызды қорытындылап, салған суретімізді баспаға жібереміз.
Компьютермен жұмыс. Тапсырмалар
• Суретін салу
• Суретті бояу
• Суретке мәтін кірістіру


Скачать


zharar.kz