Баспа түрімен таныстыру

Скачать

Оқу іс - әрекеті: Сауат ашу
Тақырыбы: М дыбысы және әріпі
Мақсаты: М дыбысы және әрпімен таныстыру. М дыбысын сөз ішінен бөліп айта білу, дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру. Баспа түрімен таныстыру. Сөз, сөйлем ойлап табуға, сөз ішінен орнын анықтауға үйрету. Тілін дамыту, дұрыс оқуға төселдіру. Әдемі, көркем жазуға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Билингвистикалық компоненттер:
Көрнекіліктері: Кеспе әріптер, суреттер

I. Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған іс - әрекетіміз ерекше өтпекші, себебі бізге қонақтар келіп отыр.
Қанекей балалар, барлығымыз орнымыздан тұрып, қонақтарымызбен сәлемдесейік.
Мейрімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
Апайлар сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.
- балаларды үш топқа бөліп отырғызу.
- балалар өздеріне берілген түстерімен топтарына бөлініп отырады.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Аптаның қай күні?
- Қазір бізде қандай сабақ?
- Сауат ашу пәнінен не үйрендік, қане еске түсіріп жіберейік.


Қызыл үйде қай дыбыс тұрады, көк үйде ше?
- Өткен сабақта қай дыбыспен таныстық?
Д дыбысы.
Д дыбысынан келетін мысалдар келтіріңдер?
- Сендер ойыншықпен ойнағанды жақсы көресіңдер ме? Менің қолымда бір ойыншық бар, бұл қандай ойыншық кім айтады?
- Доп қай дыбыстан басталып тұр?
- Ендеше балалар осы доптың көмегімен ойын ойнайық “сөз ойла, тез ойла” д дыбысына байланысты сөздер айтқызу. Жарайсыңдар балалар.

1. Ертегілер еліне саяхат.
- Балалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?
- Балалар біз Мақтақыз бен мысық ертегісін білеміз бе?
- Ендеше ертегіні еске түсірейік?
- Ақбота - мысық кіммен дос болыпты
- Жансая - мейіз тауып алады.
Ертөре - мысықты шақырады.
Ақниет - Мақта қыз өзі жеп қояды.
Асылан - мысық қыздың қатығын төгіп тастайды.
Ұлдана - қыз мысықтың құйрығын жұлып алады.
Жарайсыңдар балалар ертегіні жақсы біледі екенсіңдер.
- Ендеше балалар, біз мысыққа көмек берейік.
II. Жаңа іс - әрекет
- 1 тапсырма
Сиырдың тапсырмасын орындайды.
2. Жұмбақ жасыру
- Мұртыменен туады,
Мұртын күнде жуады.
- Тым ойыншыл пысық, мияулаған........
- Мысық туралы білетіндерін сұрау. - Мысық дегенде бірінші қандай дыбыс естіп тұрмыз
М - М - М хормен айтқызу.
Ендеше балалар бүгін біз М дыбысы мен әріпі танысамыз.
М дыбысы дауыссыз дыбыс м дыбысы қысқа және кедергі арқылы айтылып тұр.
Енді мысық қайда барады қыздарға барады.

3. тапсырма. Оқулық пен жұмыс жасаймыз.
1 суреттерге сипаттама беру
Қамшы, мысық, машина орындарын анықтату.
Ма - ши - на
Мы - сық

Текшемен жұмыс жасату.
4. тапсырма. Мысық дүкеншінің тапсырмасын орындайды.
- М әрпінің баспа түрімен таныстыру.
- М әріпі неше таяқшадан тұрады екен.

7. М әрпін ауада жазу
8. Әліппе дәптермен жұмыс

5. тапсырма. Тауықтың тапсырмасы орындалады.
- Топтық жұмыс
Шығармашылық: оқулықтағы алманы
жапсыру
Таным: АЛМА сөзін буынға бөліп, дыбыстық
талдау жасау
Қатынас: АЛМА сөзіне сөйлем құрау
- Сөздерден сөйлем құрату.
- Суретпен жұмыс “Алма”, “маса”, “май”

6. тапсырма. Тышқанның тапсырмасы.
Дидактикалық ойын “Не қалай дыбысталады”
Сиыр қалай дыбысталады?
Мысық ше?
Қозылар ше?

Әлеуметтік орта: АЛМА туралы өлең, тақпақ
айту
Денсаулық: АЛМА - ның денсаулыққа
пайдасын айту
Қорытындылау.
- Балалар тапсырманың бәрін орындадық енді қызға мысық сүтін береді қыз мысықтың құйрығын береді екеуі дос болып қалады.
- ертегіні балаларға көрсету.
- бүгін қандай дыбыс пен таныстық?
- м дыбысы қандай дыбыс екен?
- м дыбысынан келетін сөздерді қайталату?
- дауыссыз дыбыс қандай текше мен жазылады.
- балалар қолдарындағы моншақтарды тақтаға ілеміз әр топ өздері жинаған моншақтарын параққа жабыстырып әр топ жинаған моншақтарын санайды қай топтың балдары коп моншақ жинаса сол топ жеңіске жетеді.
- Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап, бағалау.
Оқу іс - әрекетінен күтілетін нәтиже

Баланың білуі: М дыбысы және әріпі
Баланың меңгеруі: Сөз ойлап, сөйлем құрау, дыбыстық талдау жасату, буынға бөлдіру.
Жасай алуы: М әрпін жазады


Скачать


zharar.kz